Гостиницы в Алматы
2018-01-22 12:13:43 136 0

GGG АЛҒАШ РЕТ WBN НҰСҚАСЫ БОЙЫНША ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ АТАНДЫ

Британияның WorldBoxingNews.net басылымы 2017 жылдың қорытындысында редакция нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атағына қазақстандық Геннадий Головкин лайықты деп танылды. Ол осы аталымда украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты артқа тастады. «Головкин үшін биыл жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғады. Головкин, Ломаченко және Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдап алу қиын болды.

Бірақ Қазақстан өкілін карьерасында алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп санаймыз», - делінген мақалада.

Айта кетейік, Головкин оқырмандар пікірімен қатарынан төрт жыл үздік боксшы атанған еді.

Пікір жазу