Гостиницы в Алматы
2018-01-23 16:34:47 96 0

САНЧЕС "МАНЧЕСТЕР ЮНАЙТЕДКЕ", МХИТАРЯН "АРСЕНАЛҒА" АУЫСТЫ

Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" пен "Арсенал" футбол клубтары ойыншы алмасты. "Қызыл сойқандар" сапынан Генрих Мхитарян Лондонға жол тартса, Алексис Санчес манкуниандық командаға келді. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Командалар ойыншылар үшін ақша шығындаған жоқ. Екі футболшының да трансфер құнын тең бағалап, ресми түрде алмасты.

29 жастағы Алексис Санчес "Арсенал" сапында 3,5 маусым ойнады. Бұл аралықта екі рет Англия кубогы мен үш рет Суперкубокты иеленді. 122 ойынға қатысып, 60 гол соқты. 29 рет нәтижелі пас берген. Алексис лондондық клубқа дейін "Барселона" (Испания), "Удинезе" (Италия), "Ривер Плейт" (Аргентина), "Коло-Коло" және "Кобрелоа" (екеуі де – Чили) клубтарында ойнаған.

Генрих Мхитарян "Манчестер Юнайтедте" 1,5 маусым ойнады. Еуропа лигасы, Англия Суперкубогы мен Анлия лигасы кубогын жеңіп алды. 39 ойынға қатысып, 6 нәтижелі пас беріп, 5 гол соққан. Манкуниандық командаға дейін ол "Боруссия д" (Германия), "Шахтер" (Украина), "Металлург" (Украина) және "Пюник" (Армения) клубтарында доп тепкен.

Пікір жазу