Гостиницы в Алматы
2018-03-02 19:09:21 182 0

ОН ҮШ ЖАСАР ҚОС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕСЕЙДІҢ ТАНЫМАЛ МУЗЫКАЛЫҚ ЖОБАСЫНДА ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

Ресей елінің танымал жобасы «Жұлдызды балалар - 2018» жобасынан екі қазақстандық үздік деп танылды. Жастары небәрі 13 жаста болса да Санат Асуат пен Нұрқабаев Дінмұхаммед әлемнің бірнеше елінен келген қатарластарын басып озған деп хабарлайды baistars.kz.

2017 жылдың қыркүйегінде басталған ауқымды жоба күні кеше аяқталды. «Жұлдызды балалардың» әндері арнайы дискке енді. Онда жалпы 55 ән жазылған.

Санат Асуаттың орындаған  әйгілі Лара Фабианның  “Je taime” әні де осы қатардан табылды. Сондай-ақ Дінмұхаммед Нұрқабаевтың орындауындағы «Зурабаган» әні де бар.

Айта кетейік, Санаттың 2015 жылы орындаған «Волнующий джаз» әні де дискке таспаланған. Санат Асуат пен ұстазы Майра Шамшеденқызымен бірге Македонияда өткен “Звездочки” байқауында гран-при иеленген болатын. Сондай-ақ 2018 жылдың қаңтарынан бастап бойжеткеннің орындауындағы әндер Франция радиосынан тыңдарманға ұсынылуда.

Нұрқабаев «Бала дауысының» лауреаты Атырау облысының намысын қорғаған. Бүгінгі таңда Дінмұхаммед пен Санат Асуат дуэт орындау үстінде. Жақында жаңа әндерін көпшілікке ұсынатын болады.

Пікір жазу