Гостиницы в Алматы
2018-03-06 22:59:17 276 0

БАЯН МАҚСАТҚЫЗЫ: KESHYOU ҚЫЗДАРЫ "АҒАШКАЛАРҒА" ҚЫЗМЕТ ЖАСАМАЙДЫ

Баян Мақсатқызы «Kesh You» тобының қыздары жеңіл жолмен ақша табады дегендерге жауап берді. Бұл жайында продюсер «TalkLike» бағдарламасында айтып берді деп хабарлайды baistars.kz.

 «Баян Мақсатқызы «Kesh You» қыздарын концерттен бөлек, ағаларға алып барады» деген пікірге жауап қайтарды.

«Бұл әңгіме өнердегі қыздардың бәріне айтылады. Сондықтан, жиі қозғалатын тақырып. Сахнада жүрген әнші қыздарға қоғамның көзқарасы сондай. Менің тобым тек ән айтып ақы табады. Менің қыздарым ағаларға баруға тәуелді емес. Олай жасауға еш себеп жоқ», - деді Баян Алагөзова.

Сондай-ақ, продюсер «Kesh You» қыздарының жеке өмірлері бар екенін де атап өтті.

«Мен олардың жеке өмірлеріне араласа алмаймын. Олар жұмыста болса біздің топтың абыройы бірінші орында тұрады. 12 жылдық тарихы бар «Kesh You» тобы ағаларға қызмет жасайды деген өте күлкілі», - деді продюсер.

Пікір жазу