Гостиницы в Алматы
2018-01-23 16:42:00 107 0

2018 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ САЙТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Корея Республикасының Yonhap ақпарат агенттігі 2018 жылғы Олимпиаданың ресми ақпарат тарататын - Пхенчхан ақпараттар желісін іске қосты. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

 Yonhap агенттінің хабарлауынша, PNN жүйесіне қосылушыларға қысқы Олимпиада ойындарынан жаңалықтар, фотографиялар, бейне-роликтер мен ақпараттарды 7 тілде дер кезінде тегін таратып отырады. Айта кетерлігі, «ҚазАқпарат» ХАА өткен жылы 3 қараша күні Yonhap агенттігімен келісімге қол қойып, PNN жүйесіне қосылған болатын. Бұл күнде PNN жүйесіне 55 ақпарат агенттігі қосылып үлгерді.

Айта кетейік, 2018 жылғы Олимпиада ойындары Пхенчханда 9-28 ақпан аралығында өтеді.

Пікір жазу