“Бүгін таңертең Азаттықтың веб-редакторы Рахат Мамырбек дүниеден озды. 11 желтоқсан күні денсаулығы нашарлап, ауруханаға түскен еді”, – деп хабарлады Рахат Мамырбек редакторлық еткен “Азаттық” радиосы.
“Рахам-оу, мына пәни жалғаннан сені осылай ерте кетеді деп кім ойлаған еді. Жаның жайсаң, мінезің сабырлы, үстіңнен мың қойды айдап өтсе де қыңқ демейтін шыдамды және ерекше білімді едің. Үнемі күліп жүретін мінезіңе қызығушы едік. Сен отырған орта әрқашанда гүл болып тұрушы еді. Бүгінгі хабар қабырғамды қаусатып, еңсемді езіп барады. Бақыл бол, іні-дос!”,-деп жазды желідегі парақшасына Рахат Мамырбектің әріптесі Нұртай Лаханұлы.
Айта кететіні,Рахат Мамырбек “Азаттықта” 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. Оған дейін отандық “Қазақстан”, “Алматы” және 31 арнада қызмет атқарған. 39 жастағы журналистің артында 5 баласы қалды.