Гостиницы в Алматы
2018-01-19 13:41:35 175 0

ДИМАШ ҮЗДІК АТАНҒАН «МУЗЫКАДАҒЫ ЖАҢА КҮШ» МАРАПАТЫН ҰСТАЗЫНА АРНАДЫ

Димаш Құдайберген жыл бастала салысымен жаңа марапатқа ие болды. Ол Weibo Аwards жобасы бойынша «Музыкадағы жаңа күш» номинациясының үздігі атанды.

"Армысыздар, құрметті өнерсүйер қауым! "Weibo Аwards" жобасында "Музыкадағы жаңа күш" номинациясы бойынша жеңіске жетіп жатырмыз. Осы сыйлықты алуыма бірден-бір себепкер болған өздеріңіз. Баршаңыздың қажырлы еңбектеріңіз, қаншама уақыт маған берген дауыстарыңыз ақталды. Сіздердің рұқсаттарыңызбен, өзімнің және барша тыңдармандарымның атынан осы сыйлығымды ұстазым-Марат Әйтімовке арнағым келеді",-деді Димаш өз жазбасында. Димаштың ұстазы Марат Әйтімов те желідегі парақшасында: "Эмоциядан жүрегім аузыма тығылды!Сөзім жоқ!",-деп қуанышымен бөлісті Димаштың ұстазы.

Пікір жазу