Гостиницы в Алматы
2018-01-22 12:02:46 78 0

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫЛАР ТУНИСТЕГІ ГРАН-ПРИ ТУРНИРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕСЕБІНДЕ БІРІНШІ ОРЫН АЛДЫ

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Тунистегі Гран-При турнирінде 2 алтын 3 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Жарыстың екінші күні (сенбі) 73 кг-ға дейінгі салмақта Жансай Смағұлов топ жарды. 90 кг-ға дейінгі салмақта татамиге шыққан Ислам Бозбаев та қазақ елінің абыройын асырды. Шешуші финалда отандасымыз венгриялық Тоц Кристианды таза жеңіспен ұтып, ел қоржынына екінші алтынды салды.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Ғұсман Қырғызбаев (60 кг), Ерлан Серікжанов (66 кг) пен Виктор Демьяненко (-100 кг) қола жүлдегер атанды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасынан кейін екінші орынға Украина құрамасы ие болды. Олар 2 алтын 2 қола медаль еншіледі. Ал жапондар 1 алтын 2 күміс 6 қола медальмен үштікті түйіндеді.

Пікір жазу