Гостиницы в Алматы
2017-12-21 16:31:26 50 0

Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир басталды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, осымен 34-ші рет өтіп жатқан байрақты бәсекеде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Үндістаннан келген 190 былғары қолғап шебері бақ сынайды. Биылғы турнирге ерлер - 10, ал әйелдер 5 салмақ санаты бойынша жұдырықтасады. Шаршы алаңдағы жекпе-жектердің ақтық кездесулері 24 желтоқсанда өтіп, жеңімпаздар анықталатын болады.

Айта кететіні, даңқты спортшы 1984 жылы дүниеден өтіп, сол жылы оны еске түсіруге арналған алғашқы турнир өткізілген еді.

Пікір жазу