Гостиницы в Алматы
2017-04-06 14:40:45 866 0

Аз ғана уақыт ішінде 2 миллионға жуық  көрермен жинаған Қуандық Рахым мен Альбина Шардарованың «Болайық бірге»  әнінің өзбекше нұсқасы тарап кетті.

Өзбек әншілері Жасурбек Жабборов пен Дилноза Акбарованың орындауындағы «Азизим» әнінің бейнебаяны «you tube» желісіне 2015 жылы салынған екен. Қуандық Рахым әнді орындау үшін автормен, яғни Мирхалил Махмудовпен келісімге келген.

Бірақ,  «Азизим» әнінің тыңдарманға ұсынылғанына жарты ғасырға жуық уақыт өткен. Ең алғаш рет «Народный арлекин» (Masxaraboz Milliy ) филімінде  70-ші жылдары көрерменге жол тартқан. Алғашқы орындаушылары Бехзод Назаров пен Лола Элтаева.

Пікір жазу