Гостиницы в Алматы
2017-12-15 17:32:09 97 0

ҚАНАТ ИСЛАМ МЕН МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШОВА ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛЫНАН МАРАПАТ АЛДЫ

Президент Тәуелсіздік мерекесіне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады Қазақ КСР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова мен белгілі боксшы Қанат Ислам Елбасының қолынан марапат алды. Бұл жайында sputnik.kz хабарлады.

"Тәуелсiздiкке тәу ететiн кез келген халық үшiн бұдан асқан маңызды мейрам болмаса керек. Ұлық мереке қарсаңында жыл сайынғы дәстүр бойынша  ерен еңбегiмен ерекшеленген ел азаматтарын марапаттау игi шара екенiн бәрiмiз бiлемiз", — деп атап өтті Назарбаев. "Қыз Жібек" фильмі арқылы көпшілікке танымал актриса Меруерт Өтекешова "Парасат" орденін, ал бокс әлемінде қазақ елінің атын танытып жүрген Қанат Ислам "Құрмет" орденін алды. "Құрмет" орденін киноактриса Әсел Сәдуақасова да алды.  Ал "Астана Балет" театрының бас балетмейстері Мукарам Абубахриева "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер" атағына ие болды. 

Айта кетейік, тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел игіліне еңбек етіп жатқан азаматтардың үлкен бір тобы "Отан",  III дәрежелі "Барыс", "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек даңқы", II дәрежелі "Даңқ" ордені, II, III дәрежелі "Айбын" ордендері, "Ерлігі үшін" медалімен марапатталып, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды.

Пікір жазу