Гостиницы в Алматы
15 февраля 2016 2402 0
Бейбіт Кушкалиев
  • Ол біледі
  • Уайымдай берме

Өмірбаян

Әні: Ғалымбек Исмбергенов

Сөзі: Құрманай Бақтиярқызы

Уайымдай берме.

1. Шаршататын ойды жанға жолатпа,

Өз-өзіңді бос әуреге салма.

Бұл өмірге келген адам қонаққа

Тура жолды жүрегіңмен таңда

Ей Қолыңды серме

Уайымдай берме

Кел биле бірге

Қ-сы:

Биле ле ле ле лей

Биле ле ле ле лей

2. Ата-әжем қатырады бастарын

Төрт түлігін күндіз түні ойлай

Аға-жеңгем еске алып жас жағын

Бір-біріне сүйсініп жүр тоймай

Ей Қолыңды серме

Уайымдай берме

Кел биле бірге

3. Таусылмайды бұл өмірдің күйбеңі

Қамшылайды тағдыр сені талай

Құмырсқадай ығы жығы илеуі

Өмірді сүй, көңіліңе алмай

Ей Қолыңды серме

Уайымдай берме

Кел биле бірге

Пікір жазу