Гостиницы в Алматы
15 февраля 2016 5303 0
  • Байқа
  • Сенде жүрек жоқ
  • Мазала
  • Жылама
  • Қайда
  • Қазақ қыздары
  • Кел кешікпей
  • Мені түсінбей жүрсің
  • Аңсайды жаным
  • Мен оралам
  • Сен де менде
  • Жаралы жанның әні бұл

Өмірбаян

Қайрат Нұртас — Қазақстанның эстрадалық әншісі. Бүгінгі таңдағы қазақ тілінде ән айтатын әншілердің ішіндегі ең танымалы. Тыңдармандар мен әріптестерінің арасында көптеген табынушылары бар.

Шығармашылығы

Әнші ретінде ең алғаш Байқоңыр сахнасынан он жасында көрінді. Бірінші есеп беру кешін 2008 жылы Алматы қаласында өткізді. Атақты Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ержан Серікбаев сияқты композиторлардың әндерін Қайрат Нұртастың репертуарынан көруге болады. Оның продюсері, әрі демеушісі анасы — Гүлзира Айдарбекова.

Фильмдері

2013 жылы «Өкініш» атты фильмнің премьерасы болды. Фильм — әншінің мелодрамалық өмірін баяндайтын туынды. Фильмде Қайрат Нұртас басты рөлді сомдаса, оның туыстары, профессионалды әншілер мен актерлер де фильмнен қалыс қалмады.

Әндері

«Астана»

«Алматы түні»

«Ауырмайды жүрек»

«Үнсіз жүрек»

«Қазақстаным»

«Сен барда»

«Бара алмадым қасыңа»

«Телефон»

«Мама»

«Куә бол»

«Сен де мен де»

«Мен оралам»

«Аңсайды жаным»

Жанжалдар

2013 жылдың 31 тамызында Қайрат Нұртастың Алматыдағы «Прайм Плаза» сауда орталығында болған концерті дау-жанжалмен аяқталды. Әнші сахнада пайда болысымен көрермендер қорғаныш заттарды бұзып, сахнаға қарай ұмтылды. Содан кейін Қайрат өнер көрсетуін тоқтатты. Осыдан соң, ашулы көрермендер полицейлердің патрульды машинасын өртеп, аппаратураны талқандады. Нәтижесінде, 16 азамат пен полицей қызметкерлері жарақат алды. Екі мың адамның 165 адамы тұтқындалды. Ал «Прайм Плаза» басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғалды. Себебі, сауда орталъғы концерт өткізуге барлық талаптарға сай емес болды. Сауда орталығына келген шығын — 30 миллион теңгені құрады.

Пікір жазу