Гостиницы в Алматы
2016-11-30 13:38:49 249 0

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында 9 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орнайы Ғазиза Жұбанованың "Еңлік-Кебек" операсының ғаламат премьерасы қойылады. 

Премьера 9 желтоқсан сағат 11:00-ге жоспарланған.

"Біз бұл қойылымды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнаймыз. Өйткені, Ғазиза Жұбанованың творчествосы қазақ халқының ең жақсы қырларын өзінде жинаған",-деді театрдағылар.

"Еңлік-Кебек" операсы қазақ халқы үшін тарихи шығармалардың бірі. Либретто авторы - ақын әрі аудармашы Сағи Жиенбаев.

Пікір жазу