ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ұлжан Айнақұлованың қызы Әсем Айнақұлова анасының жолын қуып, әншілікті таңдаған. Бүгінде «Гүлдер» Мемлекеттік ансамблінің әншісі. «Ең әдемі әнім», «Арнаймын саған», «Қазағым - ай», «Өкпелеме» әндері ел арасында танымалдылыққа ие.
Атақты дирижер, қазақ халқының ұлы сазгері Нұрғиса Тілендиевтің қызы да қызы әке жолымен дирижер болды. Динара әкесі 1980 жылы Қазақ филормониясы жанынан құрған "Отырар сазы" мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық халық аспаптары оркестрінде қызмет етеді.
Актриса Қарлығаш Мұхамеджанованың ата-анасы да қазақ еліне танымал тұлғалар. Әкесі- белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов болса, анасы- әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева. Қарлығаш 2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түскен. Содан кейін «Рывок» және «Ирония любви» фильмдерінде шағын рөлдерді сомдап шықты. Басты рөлін 2010 жылы «Сказ о розовом зайце» картинасында ойнады.
Танымал әнші Марат Омаровтың қызы Зарина да өнер жолында жүрген қазақтың аяулы қыздарының бірі. Нәзік дауысымен елге ұнаған Заринаның әндері әсіресе 2000 жылдары танымал болды. Тұрмысқа шыққан соң, отбасына көңіл бөлген әнші сахнаға қайта оралды.
Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиевтың қызы Ділназ Ахмадиева әкесінің ізімен өнер жолын таңдаған болатын. Бүгінде Ділназ эстрадағы шоқтығы биік жұлдыздардың бірі.
Цирк әртістері Мурат пен Карима да әкесі Карим Мұтұрғановтың жолын жалғады.
Қазақтың примадоннасы, күміс көмей әншісі Роза Рымбаеваның тұңғышы - Әли Оқапов. Роза Қуанышқызы баласына үнемі қолдау көрсетіп келеді. Әншілік карьерасын «Слэнг» тобынан бастаған Әли Оқапов қазір біраз сатыдан өтті. Тіпті продюсерлік қабілетін де байқап жүр.
Әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовтың қызы - Фарида. Жолдасов мырза ұл-қызының өнерге келуіне ешқашан қарсы болмаған. Керісінше Фариданы бала кезінен сахнаға алып шығып, көрерменнің көзайымы еткен. Ал ұлы Болат Жолдасов та кезінде "МузАрт" тобында гитара тартып, өнерден құр алақан еместігін көрсеткен еді.
Көптеген халықаралық байқауларда қазақ әнін биіктен көрсетіп жүрген Димаш Құдайбергеннің ата-анасы елге танымал әншілер Қанат пен Света Айтбаевтардың тұңғышы. Димаштың ата-анасы оның ерекше дауыс иесі екендігін білгендіктен, оның өнерге келуіне еш уақытта қарсы болмаған.
Белгілі опрера әншісі Ермек Серкебаевтың балалары-композитор Алмас Серкебаев, "А-Студио" тобының мүшесі Байғали Серкебаев және журналист-жазушы Ирина Серкебаева. Жәмилә Серкебаева олардың немере қарындасы болып келеді.
Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі Нағима Есқалиеваның ұлы Диас Аблаев. Нағима Есқалиева болса, ұлының өнер жолына келуіне қарсы болғанын айтады. Әйтсе де, Диас өмірін өнерден бөле алмаған.
Халықтың сүйікті әншісі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз да өнерден кенде емес. Айжұлдыз бүгінде көптеген фильмдерге түсіп жүрген актриса. Жастайынан сахнаға шығып, флейтаны серік еткен бойжеткен қазір дизайнерлік өнерді қолға алды. Ол Т. Жүргенов атындағы өнер академиясы студенті.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы Дидар Каден де қазақстандық шоу-бизнестегі "жұлдызды" балалардың бірі. Дидар анасының көмегіне жүгінбей, өз атын қалыптастыруға тырысып жүр. Ол әншілігінен бөлек, актерлік қаблеті де жоғары екендігін байқатты. Дидар "Шлагбаум" фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады.
Анасының арқасында танымал болған тағы бір отандық шоу бизнес өкілі деп Айсәуле Бақытбекті айтуға болады. Ол белгілі продюсер Баян Есентаеваның қызы. Айсәуле өзін осыдан бірер жыл бұрын шыққан “Мамамия” телешоуының жүргізушісі ретінде сынады. Сонымен қатар ол анасының түсірген телетоптамаларының бірінде екінші қатардағы кейіпкердің ролін ойнады.