Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың 8 жаста сахнада ән салған видеосын жариялап, мынадай сөздер жазды: "Қайрат 8 жаста. Алғашқы үлкен сахнада орындаған әні - "Ана" әнімен басталып еді. "Мамасының баласы" деп қанша жерден мұқату болса да айтарым: Өмір - Ана атаулымен басталады. Анасына деген үлкен махаббаты мен құрмет көрсете алған бала жеріне де, еліне де үлкен құрметпен қарайды деп ойлаймын. Мына өлең жолдары есіме түсіп отыр:
Анасыз керек емес тақ та маған,
Адам ба ана сүтін ақтамаған?
Адам боп жүрмесең де жер бетінде,
Ананың махаббатын сақтамаған.
Азамат ұмытуға хақың бар ма?
Ақ сүтін емген ғалым, ақындар да
Көгімде ұшып жүрген бақыт құсы
Анасыз, сірә, маған жақындар ма?"
Айта кетейік, күні кеше Қайраттың "Нұр Отан" партиясының депутаттыққа үміткерлер тізімінде болуы көпшіліктің талқысына түсті. Әлеуметтік желілерде Қайрат депутат болса сұрақтарға жауап беру үшін анасын өзімен бірге алып жүре ме деген мұқату посттар да пайда болды. Ал Қайраттың өзі депутат болсам, мәдениет пен қазақ тілі мәселелерін көтеретін едім деді тілшілерге берген сұхбатында.

Пікірлер