Гостиницы в Алматы
2016-03-04 14:37:30 1770 0

Жазушы, ақын, кинематографист Дидар Амантай Инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында дәстүрлі әндер орындаушысы Гүлбаршын Тергеубековаға махаббат жырын арнап, туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Baistars.kz.

"Ұшып келе жатырмын көкті тіліп ұшақта,

Көрмегелі қалқаны болған еді үш апта,

Құшақтасам сені егер басып-басып кеудеме,

Сен де мені жібермей қатты-қатты құшақта!

Қуанасың баласын жолдан күткен анадай,

Көздеріңді сағындым жарқыраған танадай,

Жанарыңа жарты әлем сыйған мөлдір тұнық көз

Он сегіз мың ғаламды ойға тұтқан санадай.

Қабағымен шешеді ер-азамат жанжалын,

Қазағыма Қазыбек, Мәди берген Шаншарым,

Жалған сөзді жаратпай жарып тастар қанжарым!

Ат байлайтын... жан жарым!

Қияды екен басқаға қызық-думан шақты кім,

Маған ғана арнаған бар ғұмырын, уақытын,

Нақ сүйерім – тағдырдың маңдайыма жазғаны,

Нағыз ерін таныған нағыз менің бақытым!

Астана, 28 қаңтар 2016 жылы" - деп жазды жазушы парақшасына.

Кей оқырмандар екеуінің жарасымды жұп екенін айтып, бақыт тілесе, өзгелері жазушының бұл қылығын түсінбей дал болуда. Үш күн бұрын, жазушы парақшасына Гүлбаршын Тергеубекованың суретін салып, Дмитрий Маликовтың "Кто тебе сказал?" әнін арнаған. Екі өнерпаз қарым-қатынастары жайлы тіс жарып, ешқашан айтқан емес.

Айта кетейік, Гүлбаршын Тергеубекова ұзақ жылдар бойы екі баласын жалғыз асырап келген. 2014 жылы "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында әзірше басы бос екенін айтқан.

Пікір жазу