Гостиницы в Алматы
2016-04-26 01:07:19 740 1

Жанболат пен Жазира ақын Шыңберген Сүлейменовтың халіне алаңдаулы, деп хабарлайды Baistars.kz

Бұл туралы Жанболат пен Жазира инстаграм парақшаларында жазды.

Шынберген Сүлейменовтің xалін біліп,өз көзімізбен көру үшін бүгін Тараздағы ауруxанаға соқтық.Халыққа қызмет етіп,кеше ғана шапқылап жүрген азаматтың ауыр xалде жатқанын көріп жаным ауырып отыр😥.Сіздерден де сұрарым жазылып өзіне келуін тілеңіздерші🙏.Шынбергеннің өлеңдерін,тарап кеткен қалжыңдарын білсеңіздер осы жерге жаза отырыңыздар.Мүмкін оның туындыларынан кітап шығаратын адам табылса көмектеріңіз тиіп қалар..Шакең жазылып өзіне келгенде кітабы да шығып жатса еміне ем қосыла ма деген ойым ғой#шынбергенсулейменов @shinbergen75

Фото опубликовано Жанболат - Жазира (@zhanbolatzhazira)

"Шыңберген Сүлейменовтің xалін біліп, өз көзімізбен көру үшін бүгін Тараздағы ауруxанаға соқтық. Халыққа қызмет етіп, кеше ғана шапқылап жүрген азаматтың ауыр xалде жатқанын көріп жаным ауырып отыр. Сіздерден де сұрарым жазылып, өзіне келуін тілеңіздерші. Шыңбергеннің өлеңдерін, тарап кеткен қалжыңдарын білсеңіздер осы жерге жаза отырыңыздар. Мүмкін оның туындыларынан кітап шығаратын адам табылса, көмектеріңіз тиіп қалар. Шакең жазылып өзіне келгенде кітабы да шығып жатса, еміне ем қосыла ма деген ойым ғой", - деп жазды жұлдызды жұп.

Жазбаның астына пікір қалдырушылар да ақынның амандығын тілеп, дұға етуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Іздеме", "До ре ми", "Қайран жеңгем" сынды көптеген хит әндердің авторы, талантты сазгер, айтыскер ақын Шыңберген Сүлейменов Тараз өңірінде көлік апатына ұшырап, ауыр халде жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Пікірлер

  • Кожаниязова Гулбану
    Алла шипасын берсин!

Пікір жазу