Гүлзира Айдарбекова (@gulziraaidarbekova)
314 мың тіркелушісі бар
Көпшіліктің сүйікті әншісі Қайрат Нұртастың анасы
Гүлзира Айдарбекованың инстаграм парақшасы 24 сағат бойы жұмыс істейді деп айтуға болады. Жүрген жерінен, барған мереке-думанынан міндетті түрде есеп беріп отырады. Гүлзира ханымның парақшасында Қайрат Нұртастың өткізген концерттері мен түскен бағдарламаларынан суреттер де жиі салынады.
Гүлжамал Мұхитденова (@gulzhamalaidarovna)
15362 тіркелушісі бар
Танымал продюсер Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденованың анасы
Гүлжамал Мұхитденованың инстаграм парақшасы көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қылықты әжейдің қызықты суреттеі жетерлік. Ал әрбір cуретке пікірді ағылшынша жазып отырады. Парақшада көбіне отбасымен түскен суреттері жарияланған.
Бәтес Мұхитденова (@bates_baily)
12700 тіркелушісі бар
Тележүргізуші Аша Матайдың анасы
Сурет жиі салмаса да Бәтес ханым мардымды ой білдіріп, әр суретіне пайымды пікір жазады. Қайда, не істеп жүргені жайлы инста-оқырмандарымен жиі бөліседі.
Ақмарал Сатжан (@akmaral_st)
11493 тіркелушісі бар
Тележүргізуші Динара Сатжанның анасы
Ақмарал Сатжан парақшасы жылулыққа толы. Мұнда Ақмарал ханымың жақындарымен түскен суреттері өте көп, әсіресе, немерелерінің суреттерін жиі салады. Парақшаны ақтарып отырып, аса талғаммен киінетінін аңғардық. Алайда, сәнқой апай инстаграм парақшасына арнайы пост жазатындардың қатарынан емес, тіпті, сурет астына еш пікір білдірмейді.
Айнұр Жүгінісова (@ainur_zhugunussova)
5134 оқырманы бар
Ағайынды Жүгінісовтердің анасы
Айнұр Жүгінісова талантты ұлдардың анасы ғана емес, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік Академиялық қазақ-музыкалы драма театрының әртісі. Сонымен қатар балаларын үлкен сахнада жол табуына көмектесіп жүрген продюсері. Айнұр Жүгінісова парақшасында көбіне балаларының парақшаларынан репост жасап отырады және театрдағы, өміріндегі қызықты сәттермен бөліседі.
Роза Каденқызы (@roza_kadenovna)
6108 тіркелушісі бар
Әнші Динара Қырықбаеваның анасы.
Парақшада жайнаған гүлдер мен жасыл табиғаттың суреті көп. Осыған қарағанда, Роза ханым табиғаттың гүлденіп жатқанына қарап, назарда ұстағанды ұнататын тәрізді. Парақша тәтті қылықты балалардың, яғни немерелерінің суреттеріне толы. Сондай-ақ, Динараның анасы жазылған барлық пікірлерге жауап беріп отырады.
Гүлсім Умарова (@gulsim_umarova)
1689 тіркелушісі бар
Әнші Шухрат, Рано Умаровалардың анасы
Гүлсім Умарованың мамандығы психолог. Инстаграм парақшасына өзіндік ой-пікірін жариялап қана қоймай, оқырмандарға психологиялық кеңестер береді. Сонымен қатар, әйел күтімі жайында да жазбалар жазып тұрады.
Анара Рүстемова (@anara.rustemova)
19300 тіркелушісі бар
Сиви Махмудидің анасы
Анара xаным Инстаграм парақшасына өзгелер тәрізді күнделікті не істеп, не жегенін салып жатпайды. Есесіне, думанды кештер мен той-томалақтарда түскен суреттері жетерлік. Фотоесеп міндетті түрде үш-төрт суретпен беріледі. Сонымен қатар, немерелерінің ел шарлап жүргенін, жеткен жетістіктерін жазудан жалықпайды.
Саламат Каримова (@salamat_2908)
256 тіркелушісі бар
Әнші Әлішер Каримовтың анасы
Өкінішке қарай, Әлішердің анасының парақшасы жабық, сондықтан парақшаны сараптай алмадық. Дегенмен, Әлішердің парақшасынан анасына арналған видеоны тауып алдық.

Пікірлер