Бауыржан Оспанов көптің бірі емес. Миллиондап табыс тапса да таразы басына абыройды жоғары қойған азамат. Ол кәсіпкерліктің де қазақтың қолынан келетінін дәлелдеген іскер. Дәулетінен бұрын даралығы жұртқа үлгі бола білген тұлға.
Ол Алматы облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылында яғни өзінің туған жерінде жаңа мектеп, мәдениет үйі, мешіт, баспаналар салдырып, кезінде болашағы бұлыңғыр болған мекеннің қайта жаңғыруына себепші болған. Ауылана шетелден асыл тұқымды ірі қара да алып келген.
Жыланды ауылына республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жаттықтырушыларын алдырып, жастарды спортқа баулиды. Сонымен қатар, Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және басқа да халықаралық жарыстарға қатысатын спортшыларға демеушілік жасайды.
Кәсіпкер сыныптастарының айтуынша, Бауыржан Оспанов мектептегі достарының барына бала кезінен бері көмектеседі. Барлығына қолынан келгенше қарайласады.
Бауыржан Оспанов - ZHERSU корпорациясының негізін қалаушы. Forbes журналындағы ең ықпалды 50 миллионердің қатарында. Жылдық табысы 1,5 млрд АҚШ долларын құрайды.