Назым Қызайбай түр-пішіні нәзік болғанымен жігіттерді ұрып жығатындай күш-жігері бар ару. Бір кездері жігіттермен төбелескенін де жасырмады, - бұл туралы ол stan.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеді.
Шаңырақ спорт мектебінің түлегінің Рио де Жанейрода өтетін олимпиадаға қатысуға мүмкіндігі мол. «Бұлшық еттерімнің күшін арттыру үшін аздап салмақ қосуым қажет. Қазір салмағым – 49 кг. Жаттығуларым ойдағыдай, Қазақстан біріншілігіне дайындалып жатырмын. Кейін басқа жарыстарға да дайындаламын» - дейді боксшы.
Назым Қызайбай 1993 жылы 14 қыркүйекте Алматы обылысының Жетіген қалашығында дүниеге келген. Ол туылғанда әкесі ұл бала күткен екен. Сондықтан болар Назым өзін ұл сияқты ұстап, асық атып, фишка ойнап, жігіттермен төбелесіп өскен. «Есейген шағымда осы спорт мектебінің ашылғандығы туралы ағам айтты. Бастапқыда баскетбол үйірмесіне қатысқым келген. Артынша айнып, осы спорт түріне ауыстым. Отбасым еш қарсы болмады» - деп спорт мектебіне қалай келгенін есіне алады. Дегенмен, бокспен 27 жасқа дейін айналысуды қалайтынын жасырмады.
Сонымен қатар, боксшы ару алғашқы махаббаты жайлы да баяндады: «Әрине, алғашқы махаббатым есімде. Ол Әлихан есімді бала болатын. Оны 3 жыл жақсы көрдім», – деп сырын ашты.
Назым Қызайбайдың барлық жетістіктерге оның асқан күш-жігері мен «Адам баласының бойында, ең алдымен, арманы мен мақсаты болуы керек. Осылар бар кезде адам барлығына қол жеткізе алады» деген ұраны алға жетелеп келеді. Боксшы қызымыз еліміздің туын әлі талай желбіретер деп сенеміз.