Айтыскер ақын Ринат Зайытов айтыс сахнасынан көрінбей кеткені рас. Есесіне, эстрадада өзіндік қолтаңбасын қалдырып жүр. Олай деуімізге себеп, ақын Ринат мағыналы әндердің дүниеге келуіне себепші болып, ол сөз жазған әндер саз әлемінде "хитке" айналуда. Соларға тоқталсақ:
Бейбіт Қорғанның «Шоқ қыздар» деген әні елдің есінде болар, қырғыз композиторы Ильяс Абдразақовтың шығармасы. Сөзі де сол автордікі екен, бірақ сөзін белгілі айтыскер ақын Ринат Зайытов қазақшалап жазыпты.
Қазақтың тойы "Қызыл өріксіз" өтпейтін болды. «Қызыл өрік» те қырғыз әні, ал сөзін қазақшалаған Ринат Зайытов. Орындайтын - Ақылбек Жеменей
Ғаділбек Жанайдың орындауындағы "Есте сақта" әні де көпшіліктің көңілінен шықты. Сөзін жазған - Ринат Зайытов.
Ғаділбек Жанай мен Ринат Зайытовтың бірге жұмыс істеуі "Күзгі жаңбыр" әнін саз әлеміне алып келді.
Түркі әлемінің әндері бәйгеге түсетін " Turkvision" ән байқауында "Ізін көрем" әні топ жарды. Әннің авторы - Жанар Дұғалова, сөзін жазғандар - Ринат Зайытов, Жанар Дұғалова.
Бағым Мұхитденованың орындауындағы "Ғашық жүрек" әні де көпке ұнады. Ән "Хабар" телеарнасынан көрсетілген "Ғашық жүрек" телехикаясына саундтрек.
"Кешьюдің" "Ризамын" әні де хит-шерулердің алдыңғы орындарынан көрінді. Музыка авторы - топ әншісі Жанар Дұғалова.
"Кешью" тобының "Қазақ қыздары" әні де жастардың сүйікті әндерінің біріне айналды.
"Кешьюдің" әр қоржынындағы тағы хит әндердің бірі Р.Зайытовтың сөзіне жазылған Арман Дүйсеновтың әні "Туған жер".
"Өмір өзен" әнін "Заман" тобы орындағаннан бері елдің сүйікті әндерінің біріне айналды. Әннің авторы - Ұлықпан Жолдасов, сөзін жазған - Ринат Зайытов
Ринаттың соңғы шыққан хит-әндерінің бірі - "Ханшайымым" деп аталады. Әнді Ғаділбек Жанай орындайды.