Гостиницы в Алматы
2016-11-10 17:49:27 110 0

8 қарашада өткен АҚШ-тағы президент сайлауындағы Дональд Трамптың жеңісі нағыз сенсацияға айналды. Сайлау алды сауалнамалар мен мамандардың барлығы Хиллари Клинтонның жеңіске жететініне сенімді еді. Baistars.kz адамзат тарихындағы ең сенсациялы сайлаудың нәтижесіне әлеуметтік желі қолданушылардың реакциясын ұсынады.

Көптеген батыстық блоггерлердің көпшілігі Трамптың жеңісін жақсы жаңалық қатарына қоса алмайтынын мәлімдеді. Әсіресе, твиттер қолданушылары өздерінің наразылықтарын ашық түрде білдірді.

Кезінде тарих сабағында "Немістер оның (Гитлер) билікке келуіне жол берген" деп түсінбеуші едім. Енді түсіндім.

Профессор Снэйп те Трамптың жеңісін жақсылыққа жорып тұрған жоқ.

Америка Волон-де-Мортты таңдады.

Америка сенің үшінші рет президент болғаныңды қалаған кезде..

Обаманың қайта президент болғанын қаласаң ретвит жаса.

Обама Ақ үйден кетіп бара жатқан кездегі менің түрім.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде Трампты құттықтап, жеңісін мойындағандар да болды.

Трамптың жақтастарын құттықтайымын. Мен Хиллариге дауыс берген едім. Бұл демократия және мен оны құрметтеймін. Ол мүмкін емес нәрсені істеді.

Хиллари Клинтонды жақтаған танымал актерлер мен әншілер де сайлау нәтижесіне көңілі толмайтындарын твиттер арқылы білдірді.

Америка расизм мен фанатизмді дұрыс деп қабылдай бастады. Мен өзімізден ұлт ретінде көңілім қалды.

Трамптың сайлануына қарсы актерлермен бірге роликке түскен Марк Руффола да сайлау қорытындысына риза емес екенін көрсетті.

Білесіздер ме біз енді не істейміз? Біз өзіміз құрып бастаған істі аяқтап, оны қайта құлатамыз. Баурлар, бастарыңды көтеріңдер.

Ресейлік блоггерлер де Америкадағы сайлаудың нәтижесіне өз реакцияларын көрсетіп үлгерді.

Пікір жазу