Актер, тележүргізуші Тәуекел Мүсілім өзін күйеу жігіт ролінде сынап көрді, деп хабарлайды Baistars.kz. 31 арнаның "Келіндер бәйгесі" атты жаңа реалити-шоуының тұсаукесерінде Тәуекел Мүсілім күйеу жігіттің ролін сомдап, Камила атты қызға "үйленді". Қазақтың салты бойынша беташар ұйымдастырылып, келіннің беті ашылды. Дегенмен, тұсаукесерден кейін ұйымдастырылған баспасөз маслихатында Тәуекел басы бос екенін айтып, оған ғашық қыздарға үміт сыйлады.
Айта кетейік, "Келіндер бәйгесі" реалити-шоуына кастинг осыдан біраз уақыт бұрын жүргізілген болатын. Қатысуға ұсыныс білдірген жұптардың арасынан 16 жұп таңдап алынды. Олар бір-бірінің тойларына қатысып, тойдағы әр детальға баға береді. Тойы мінсіз өткен жұп шетелге, бал айына ұтысты жеңіп алады.