Гостиницы в Алматы
2016-04-13 16:58:31 1177 5

Әнші Төреғали Төреәлі Инстаграм парақшасына ауруханада ем қабылдап, төсек тартып жатып қалған суретін салып, жанкүйерлерінің зәресін алған еді. Тыңдармандары әншіге дұға-тілектерін аямай, тезірек сауығып кетуін тіледі. Енді бүгін әнші денсаулығының жақсарғанын, тәуір болғанын айтып, жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Әнші ақпан айынан бері Республика бойынша "Ұлы дала баласы" концертімен гастрольдік сапарда жүр. Бір облыста 5-6 концерт беріп жүрген әншінің ағзасы мұндай күш-салмаққа шыдамаса керек.

Төреғалидің әкесі өз кезегінде ұлының тынымсыз еңбек етуін сұхбаттарының бірінде былай түсіндірді: "Оның бәрі қараулы. Барған жерде күтеді. Олай еңбек етпесе, құр үйде жатса, бір айда бір шығып келіп, олай жасауға да болады. Елді көрмесе, халықты көрмесе, шақыруға бармасаң, шақырғанға зар боласың дейді. Бұл мәңгілік нәрсе емес шығар, бізге берілген белгілі уақыт осы шығар". Сонымен қатар, ол ұлын ешқашан жалғыз жібермейтінін айтты. "Менде Төреғалидан басқа "проект" жоқ, мүмкін, басқалар үйінде отырып, ақшасын санап алып отырған шығар, бірақ, менің ұлыма жаным ашығаны соншалық, ол тұрса-тұрам, ұшса-бірге ұшам", - деді әншінің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлепов.

Пікірлер

  • ботакоз алиеба
    Тез сауыгып кетиниз ауырманыз менин 5балам бар олорга аниз оте унады мен сиякты жас аналардын тилеги
  • Ботик Борисбековна
    Ауырма денсаулықты күту керек.
  • Ботик Борисбековна
    Ауырма денсаулықты күту керек.
  • Оспанова шолпан
    Ауырма тез сауыгып кет,
  • Ауырманыз ага

Пікір жазу