Гостиницы в Алматы
2018-01-18 13:33:44 220 0

ҒАЛЫМЖАН МОЛДАНАЗАР «ҚЫЛМЫСЫН» МОЙЫНДАДЫ

Өзінің ерекше ән айту стилімен, бейнебаяндарымен көпшілікті таңқалдырып жүретін Ғалымжан Молданазар өзі жасаған қылмысы туралы TalkLike бағдарламасында мойындағанын, nur.kz мәлімдеді.

Әнші телеарналардағы бағдарламалар барысында амалдың жоқтығынан фонограммамен ән айтқанын "қылмыс" деп санайтынын жеткізді.

"Телеарналардың түсірілімдерінде қылмыс жасауға тура келді. Өйткені біздің телеарналар жанды дауыста жазба жасап, оны орындатуға дайын емес. Үлкен аудиторияда ешқашан фонограммамен ән айтқан емеспін, айтпаймын да", - деді ол.

Әнші қазақ қоғамының мейілінше жақсы жағын ғана көруге тырысатынын айтты. Сондай-ақ ол мәдениет саласында жүрген жандардың талантты жастарды байқамайтынын да айта кетті.

"Көп нәрсе өзгеріп жатыр. Оны көретін көз керек, мойындай білу керек. Бүгінде көптеген жас әншілер тірідей дауыста ән салып жүр. Бірақ олар мәдениет саласында жүрген жандардың немесе телеарнадағы журналистердің көзіне көп түсе бермейді. Әртістердің де кемшілігі бар. Олардың өздерін халыққа жақсы көрсету, аудиторияға сата білу білімі жоқ", - дейді Ғалымжан Молданазар.

Пікір жазу