Гостиницы в Алматы
2017-12-15 12:04:34 163 0

27-ші желтоқсан күні Республика сарайында жеке концертін өткізетін Қуандық Рахым болашақта шетелдік әншілерді кешіне шақыру жоспарында бар екенін айтты. «Менің өнер саласына келгеніме бір жыл ғана болды. Болашақта шақырып қалармыз. Шетелден әнші алдырсақ, мынандай бір қауесет тарауы мүмкін: «Залды, көрерменді келген қонақтың абыройының арқасында жинады» деген. Сол себепті алғашқы концертті таза өзіміздің тыңдармандарымыз қаншалықты екенін білу үшін, көру үшін өзіміз ғана қойғанды жөн көріп отырмыз. Оның ішінде менің бала күнгі кумирім -Тоқтар Серіков ағамыз болуы мүмкін.Сондай ақ Ақбота Сейтмаганбетова болуы мүмкін. Ал қалғаны әзірге құпия»,- деді әнші нұр.кз-ке берген сұқбатында.

Сондай-ақ өзінің отбасын құрған жағдайда келіншегі жайлы жасырмайтынын да айта кетті. Бұл үлкен қателік деген әнші, сөзінің себебін түсіндіре кетті. «Исламда үйленгенін жасыру үлкен қателік болып саналады. Шариғат жолына келетін болсақ, жасыра алмайтын шығармын. «Үйленесіңдер ме, міндетті түрде жария қылыңдар!»,- деген сөз бар. Әншінің отбасылы екенін халық білуі міндетті. Өтйкені қаншама жас тыңдарман қыздардың ұйқысын ұрлайды. Қанша қызға үміт сыйлайды. Тіпті тыңдарманның өзі кей сәтте екіге бөлініп, әншінің жары бар екенін өз аузынан естімеген соң, бойдақ дегенге сенбей жатады. Ең дұрысы отбасылы екеніңді жария ету»,- дейді Қуандық Рахым.

Пікір жазу