Мөлдір чемпион атанса, қалған екі орынды да қазақ қыздары иеленіпті.
Назарбаев Университетінің студенті, джиу-джитcудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева спорттағы үлкен жеңісі туралы әңгімелеп берді.
"Бұл халықаралық турнир дәстүрлі түрде Абу-дабиде өтеді. Өте жоғары деңгейде өткен халықаралық жарыста 5000 қатысушы болды. Джиу-джитcу Қазақстанға тек 2008 жылы ғана келді. Соған қарамастан бұл спорт түріне деген қызығушылық пен жеңістер аз емес. Бірнеше жылдан кейін Қазастандық спорт қатарынан өз орнын алады деп ойлаймын. Мәселен, кешегі өткен джиу-джитcудан өткен әлем чемпионатында үздік үш орынды да қазақ қыздары алды", - дейді Мөлдір Мекенбаева.
Джиу-джитcудың өмір күші деген спортшы қыз бұл спорт түрі өзіне өте қатты ұнайтынын және сүйсініп айналысатынын айтты. Сондай-ақ, қаршадай ғана әлем чемпионы мұнымен тоқтап қалмайтынын, жетістіктерге ұмтыла түсетінін жеткізді.
Қазақты әлемге танытып жүрген спортшы қыздарымызға тек жеңісті сәттер тілейміз!