Мемлекеттік наградалары өз қолымен тапсыруға келген Мемлекет басшысы алдымен «Қазақстанның Еңбек Ерлерін» марапаттады. Аталмыш атақ ұзақ жылдар бойы өндіруші салада жұмыс істеген Рышат Әмренов пен Мұқаш Ескендіров және аграрлық салада 40 жылдан аса еңбек еткен Борис Князевке берілді.
Жоғары награда шенеуніктерге де бұйырды. Мәселен «Парасат» орденін иеленген төрт адамның ішінде Ауылшаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков те бар. Ал Елбасы атындағы Орден Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин мен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевке табыс етілді.
ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Сондықтан біз бүгін әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешкен кезде сыр елі Тәуелсіз елімізге, Елбасына тірек болуға әрқашан дайын. Осы қиын, сырттан келген дағдарыс кезеңінде сыр елі сыр бермей өзінің лайықты үлесін қосады деп ойлаймын.
Есімі елге етене таныс өнер адамдары да марапаттан құр қалмады. Актриса Айгүл Иманбаев бүгіннен бастап Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанса, жазушы Әкім Тарази мен сазгер Ескендір Хасанғалиев «Отан» орденін кеудесіне тақты.
ЕСКЕНДІР ХАСАНҒАЛИЕВ, ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ
Сөз жоқ, бұл менің 56 жылғы шығармашылық еңбегімнің бір жемісі деп түсінем. Елбасыма мың да бір рахмет. Қалған өмірімнің барлығын халқым үшін, елім үшін, Атамекен жерім үшін еңбек ете берем, әндете берем деп уәде берем.
Ал «Даңқ», «Айбын» ордендері аты айтып тұрғандай, елге қорған болып жүрген сарбаздар мен сардарларға табыс етілді. Әдетте тәртібі темір, адымы нық әскерилер бұл жолы қобалжығаннан болар жүрісінен жаңылып, көпшілік алдында қатты састы.
Ерекшелігі сол, Мемлекеттік наградалар қатары биыл «Еңбек Даңқы» деген жаңа орденмен толықты. Оны бүгін алғаш рет өндіріс саласында қызмет істейтін 5 адам алды. Айта кетейін, дәл осы орденнің үш дәрежесін иеленген лауреаттарға болашақта «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілмек.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ
Сіздер өнегелі істеріңізбен көпке үлгі болып, ел құрметіне бөленіп келесіздер. Өз саласында ерекше жетістікке жеткен азаматтарды ең жоғарғы наградаларға лайықты деп санаймыз! Бүгін Ақорданың төріне жиналған баршаңыз үшін ерекше мерейлі сәт деп айтуға болады. Қуаныштарыңыз құтты болсын, баршаларыңыздың!
Сонымен қатар, бүгін Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова да Елбасының атынан бірқатар мемлекеттік наградаларды тапсырды. Марапатталған азаматтардың дені мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, экономика мен бизнес өкілдері.