Әнші ақпан айынан бері Республика бойынша "Ұлы дала баласы" концертімен гастрольдік сапарда жүр. Бір облыста 5-6 концерт беріп жүрген әншінің ағзасы мұндай күш-салмаққа шыдамаса керек.
Төреғалидің әкесі өз кезегінде ұлының тынымсыз еңбек етуін сұхбаттарының бірінде былай түсіндірді: "Оның бәрі қараулы. Барған жерде күтеді. Олай еңбек етпесе, құр үйде жатса, бір айда бір шығып келіп, олай жасауға да болады. Елді көрмесе, халықты көрмесе, шақыруға бармасаң, шақырғанға зар боласың дейді. Бұл мәңгілік нәрсе емес шығар, бізге берілген белгілі уақыт осы шығар". Сонымен қатар, ол ұлын ешқашан жалғыз жібермейтінін айтты. "Менде Төреғалидан басқа "проект" жоқ, мүмкін, басқалар үйінде отырып, ақшасын санап алып отырған шығар, бірақ, менің ұлыма жаным ашығаны соншалық, ол тұрса-тұрам, ұшса-бірге ұшам", - деді әншінің әкесі әрі продюсері Төреәлі Төлепов.

Пікірлер