Гостиницы в Алматы
2016-02-14 16:46:23 1989 0

Бүгін әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов 50 жасқа толып отыр. Айтулы датаны әнші Астана қаласында шығармашылық кеш өткізумен атап өтпек. Кеште сазгердің осыған дейін жазған хит әндерін Қазақстанның танымал өнерпаздары орындайтын болады. Baistars.kz Ұлықпан Жолдасовтың орындауындағы және өзі жазған үздік әндер тізбегін ұсынады.

Ұлықпан Жолдасовтың үлкен сахнаға ең алғаш "Алтынай" әнімен шыққаны бәріне мәлім. Әннің авторлары Құралай Сатмұхаметова мен Ханбибі Есенғараева.

Әншінің "Сәби бақыты" әні де қазақ музыкасының алтын қорына енуге лайық туындылардың бірі.

Жақсыгелді Сейіловтың "Неге солай?" әні де Ұлықпан Жолдасовтың орындауында хитке айналды.

Ғаділбек Жанайдың орындауындағы "Арман жолдар" әнімен Лұқпан Жолдасов өнер жолын суреттегісі келген екен. Сөзін жазған Арман Дүйсенбиев.

Сазгердің "Меломен" тобына сыйлаған "Арман шағала" әні де хит әндердің бірі.

"Ғашық жүрек" фильміне саундтрек болып енген Мейрамбек Бесбаевтың "Кінәлама" әні де Ұлықпан Жолдасовтың туындысы.

Мейрамбек Бесбаевтың орындауындағы "Сүйіктім" әнін де Ұлықпан Жолдасов жазған.

Ұлықпан Жолдасов біраз уақыт "Заман" тобына продюсерлік еткені мәлім. Әрине, оларға ең үздік туындыларын орындатты. "Заман" тобы - "Мені ойла".

"Заман" тобы - "Өмір-өзен"

Әйгерім Қалаубаеваның "Сағатқа сыр" әні де нәзік жандылардың жүрегінен орын таба алды.

Ұлықпан Жолдасов әнші Қайрат Нұртасқа бірнеше әнін тарту еткен. Оның орындауындағы "Жаралдың кім үшін?", "Сені іздеймін" әндері халық арасында кең танымал.

Тізімді "Музарт" тобының орындауындағы "Қайран көңіл" әні тәмамдайды. Бұл ән де көпшіліктің көңілінен шыққан үздік туындылардың бірі!

Өз кезегімізде Ұлықпан Жолдасовты бүгінгі мерейтойымен құттықтаймыз! Зор денсаулық, отбасының амандығын тілейміз! Ең бастысы қанаты талмай, қазақтың музыка өнерінің алтын қорына енетін туындыларды өмірге әкеле беруіне тілектеспіз!

Пікір жазу