– Дүниеге нәресте келіп, отбасыңыз қуанышқа бөленіп жатыр екен, құтты болсын!
– Рақмет! Аллаға шүкір, алғаш рет немере сүйіп, төбем көкке екі елі жетпей, ерекше сезімде жүрмін. Балам мен келінім маған әже болу бақытын сыйлады. Ұлым Олжастан кейін бір қыз бала өмірге әкелейін деп, қанша әрекет жасап, тырысқаныммен, Құдай бұйыртпады. Бірақ Жаратушы иеміз менің сол тілегімді ескерген шығар, әуелі қыз немерем дүниеге келді. Балам мен келінім «Сіздің қызыңыз болады» деп, одан сайын мәз қылып жатыр. Кәусар деп атын өзім қойдым. Өзіме ұқсайды, өйткені Олжас маған тартқан. Баламның туғанда қандай болғаны әлі көз алдымда. Сол суретті қайта көргендей күй кештім.
– Келініңіз босанғанда қасында өзіңіз болдыңыз ба?
– Балам мен келініме екі бөлмелі пәтер әперіп, бір күн бұрын достарымыздың басын қосып, қоныс тойын жасаған едік. Ертеңіне сағат 12-де менде телевизиялық түсірілім болатын. Енді әрлеу жұмыстарына кірісіп, бетімді боятып, шашымды жөндетіп жатсам, ұлым хабарласып тұр. «Ләззаттың толғағы басталып, №5 перзентханаға түсті» дейді. Келінімді қызымдай жақсы көремін, жағдайын білейін деп сөйлессем, дауысы дір-дір етіп, қатты қиналып тұрғаны сезілді. Құстай ұшып барайын десем, түсірілімді тастап кете алмадым. Сасқанымнан құрбыма телефон шалдым. Әлия Отарбаева әрдайым жанымнан табылатын досым ғана емес, әрі Олжастың кіндік шешесі. Жағдайымды айтып едім, ол бір ауыз сөзге келместен, «еш уайымдама» деп перзентханаға жүгірді. Қалай тыныш отырайын, мүлдем мазам кетті. Аяқ-қолым дірілдеп, көзімнен жас тоқтамайды. Визажист қыздар қайта-қайта жасымды сүртіп әлек. Қанша сабырлы болайын десем де біраз уақыт өз-өзімді ұстай алмай қойдым. Баламды туғанда қалай қиналғаным көз алдымнан тізбектеліп өтіп жатты. Екі күн толғатып, өліп қала жаздағанмын. Ол кезде қасымда ешкім жоқ және қазіргідей емес, жаныңа жан жолатпайтын. Не керек, дәрі ішіп жатып, әрең дегенде есімді жидым.
Әнімді айтып бола салып, көшеге шықсам, иін тірескен көлік. Кептелістен әрең дегенде өттім. Барсам, келінім босанып қойыпты, ұлымның екі езуі екі құлағында. «Мені әке деп айтады ғой, иә, мама?» деп қояды. Құрбым Әлияның үш баласы бар. Ол да қатты қобалжыса керек, «біреуді босандырғаннан, өзім туғаным жақсы екен» деп күліп жатыр. Осы күнге жеткізген Аллаға мың қайтара шүкір, қолдап, құттықтап жатқан достарыма, тыңдаушыларыма, немеремнің кіндігін кескен ақ халатты абзал жандарға шын жүректен алғысымды білдіремін.
– Қазір перзентханадан баланы алып шығудың өзі үлкен бәсекеге айналды. Сіз де қос-қос лимузин жалдадыңыз ба?
– Біз өзіміз мініп жүрген, астымыздағы көлікпен алып шықтық. Шектен тыс дарақыланып, ысырап жасаудың қажеті не? Ақшаны босқа шашқанша, одан да немеремнің атына жеке есеп-
шот ашып, салып қоймаймын ба?! Баланың болашағын қазірден ойлаған дұрыс деп есептеймін. Ұлым мен келінім әлі жас, өз аяқтарына тұрғанша біраз уақыт өтіп кетеді. Сондықтан Олжасқа жасаған жағдайды Кәусарыма да жасап, құнды қағаздар жинауға кірісемін.
– Ұлыңыз Түркияда жоғары білім алып келді емес пе, несіне алаңдайсыз?
– Балам кішкентайынан әке-шешемнің және әпкем Гүлшаһардың қолында тәрбиеленді. Әкесіз өсті. Өзім өнер саласында жүргендіктен, артыма қарайлауға мұршам болмады. Есейе бастағанда қарасам, аузынан «мамадан» басқа сөз шықпайды. «Өңкей әйелдің ортасында ертең қандай азамат болып қалыптасады?» деп ойлана келе, «Жасұлан» әскери мектебіне оқуға бердім. Ер адамдардың ішінде жігітке лайық қасиет алып шықсын дедім. Құдайға шүкір, қазір өз-өзіне жауап бере алатындай мінезі бар. Оның үстіне, енді міне әке атанды. Жауапкершілігі арта түспесе, кемімейді. Қосымша қаржы саласында білім алған, экономист болып жұмыс жасайды. Дегенмен ана болған соң, балаң қанша жасқа келсе де өбектеуіңді, алаңдауыңды қоймайды екенсің. Біздікі сол ұрпағым ел қатарына қосылып, аман-есен жүрсе, ештеңеден тарықпаса, қиналмаса деген тілек қой.
– Келінмен қанша уақыт бірге тұрдыңыз? Біраз тәрбиелеген боларсыз...
– Әрине, өз қызымдай қарап, білгеніне «тәубе» деп, білмегенін үйреттім. Дастарқан басында шай ішіп отырып, басымыздан өткен-кеткен қателіктерді мысалға алып, салыстырмалы түрде ақыл-кеңесімді беруге тырыстым. Бастапқыда қанша дегенмен бөтен үйге келген соң, емін-еркін жүре алмай, біраз қысылыңқырады. Бірте-бірте бойы үйреніп, қазір сіңісіп кетті. Өзі де өткенде қоныстойда жора-жолдастарымның алдында «мамамнан үйренгенім көп» деп мәртебемді көтеріп жатыр. Маматайлап қас-қабағыма қарап тұрады. Баламды қатты құрметтейді. Ене үшін бұдан артық не бақыт керек? Әрі қарай да бірге тұра беруге болар еді, бірақ осы бастан өз бетінше өмір сүріп үйренгендері дұрыс деп шештік.
– Жұбайыңыздың бұған дейін немересі бар ма еді?
– Әзірге жоқ, туған ұлынан Құдай қаласа немере сүйеді деген үміттеміз. Ол да ата болып, «саған ұқсаған екен» деп қуанып жатыр.
– Жалпы, өзіңіз биыл шығармашылық тұрғыда өте белсенділік таныта бастадыңыз.
– Енді қарап отыратын заман жоқ. Осы уақытқа дейін көбіне «үй алайын, көлік мінейін, қаражат жинайын» деп тұрмысымызды түзеумен келдік. Оның үстіне экономист ретінде білімімді жалғастырып, қолыма диплом алдым. Бір компанияның қаржы кеңесшісімін. Бүгінгі таңда әлеуметтік жағдайды түзеп, аздап тиын-тебен құрап алдым деуге болады. Бұл менің отбасымның болашағы үшін аса қажет. Сол инвестицияның арқасында ұлымды үйлендіріп, той жасап, үй алып бердім. Көліктері бар. Мұның барлығы таза еңбекпен келді. Соңғы бес жылда бел жазбай еңбек еттім. Арасында жаңа әндерімді жаңартып, бір-екі дуэт жазып, бейнебаян түсірдім. Енді шығармашылыққа баса назар аударамын деген жоспардамын.
– «Қыз ұзату» әніңіз жоғары сұранысқа ие бола бастаған сияқты...
Қыз ұзату
Өлеңі: Бауыржан Қарағызұлы
Әні: Асқар Жайлаубаев
Жанымды елжіретіп,
Жанымнан кеттің қызым,
Көзіңді мөлдіретіп,
мөлдіретіп...
Әкеңнің жүрек гүлі,
Ақ құсым, Айым менің,
Анаңның тілек нұры, тілек нұры...
Қайырмасы:
Жан-қызым менің –
гүлім менің, бақытты бол,
Бақ, келіп қонсын,
Берік болсын, берік болсын
ақ босағаң да,
Аяулы бол барлығына,
Мен, көндім Алла
Тағдырына.
Өмірдің әуенісің,
Жылама, жабырқама,
Жұбыңмен әдемісің, әдемісің...
Қабағың ашық болсын,
Адалдық – Арың сенің.
Арыңа ғашық болсын, ғашық болсын...
Қайырмасы:
Арманның асқарында,
Ақ құсым шарықташы,
Бақыттың аспанында, аспанында....
Ай күліп қабағыңда,
Күн күліп жанарыңда.
Гүл бітсін қадамыңа, қадамыңа...
– Бұл ақын Бауыржан Қарағызұлының өлеңіне жазылған Асқар Жайлаубаевтың әні. Жақында бейнебаян түсірдік, көп ұзамай отандық телеарналардан тамашалай аласыздар.
Сюжет желісінде ұзатылып бара жатқан қыз бен анасының арасындағы сыйластық, қимастық сезімдер көрсетіледі.
Расында, соңғы кездері осы әнді естіген кісілер ұзату тойларға жиі шақыра бастады. Радиоэфирден де таралуда. Бұдан бөлек, екі дуэт жазбақ ниеттемін. Репертуарымды реттеп, патриоттық тұрғыда шығармалар қосып, жаңа жылға қарай жеке концерт берсем деген ойдамын.
– Соған қарағанда мерейтой тақалып қалды ғой деймін...
– Иә, киелі сахнада жүргеніме – 30 жыл. 1985 жылдан бері ел алдында ән салып жүрміз. Ал өзім бұйыртса елуге толамын. Осы қызықшылығымды тыңдармандарыммен бірге атап өткім келеді.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

Пікірлер