Гостиницы в Алматы
2016-03-16 12:58:09 242 0

«Тұранның» жігіттері Непалға аттанды. Катманду қаласында өтетін фестивальға жігіттер қазақтың атын тағы да бір шығарамыз деген ниетпен кетті, - деп хабарлайды Baistars.kz.

«Тұран» - қазақ халқының көнеден келе жатқан төл музыкалық өнерін қазіргі заман ұрпағының талғам-таным таразысымен қайта жаңғыртуды мақсат тұтқан ұлттық этно-фольклорлық топ. Топ – ұлттық көне аспаптардың үнін қайта тірілтуді, жаңа үндестік пен әдіс-тәсілдерді тауып қолданысқа енгізуді көздейді. Отыздан астам қазақ халқының ұлттық аспаптары болса, музыканттардың әрқайсысы солардың бірнешеуінде ойнауды меңгерген. Солардың ішінде, сыбызғы, сазсырнай, домбыра, жетіген, қылқобыз, шаңқобыз, шертер, шіңкілдек.

Бұл ұжым «Қазақстанның мәдени мұрасы» ұлттық бағдарламасына белсене қатысып, қазақ өнерін бүкіл әлемге танытып келеді. «Тұран» тобының мүшелері: Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Қорлан Картенбаева, Бауыржан Бекмұханбетов және Арықбаев Абзал.

Пікір жазу