Гостиницы в Алматы
2017-12-13 16:16:05 4 0

Испанияның оңтүстігіндегі Малага қаласында өткен халықаралық «Zurich Marathon Malaga» марафонында отандасымыз Салтанат Түйтебаев күміс жүлдегер атанды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.

 Аталмыш марафонға Еуропа, Азия, Африка құрлығынан 3 мыңға жуық әр түрлі жастағы желаяқтар қатысқан. Ал 72 жастағы астаналық ардагеріміз 70-74 жастағылар арасында мәре сызығын екінші болып кесіп күміс медальға ие болды. Ол мәреге 3:51.45 сағатта жүгіріп жетті. Түйтебаевтың алдын бельгиялық Роланду Буссемару орап кетті (3:43.59). Үшінші орын испаниялық Хуан Навиоға бұйырды (3:54.18).

Айта кетейік, Салтанат Түйтебаев биыл Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атанған болатын.

Пікір жазу