Гостиницы в Алматы
2017-12-15 10:59:17 9 0

Футзалдан клубтар арасындағы ең мәртебелі турнир биыл Сарагостада өтетін болды. 

«Барселона», «Интер», «Спортинг» және «Дьер» командаларының қатысуымен өтетін Төрттік финалы Pabellon Principe Felipe аренасында өтеді. Төрттік финалының өтетін мерзімі - алдағы жылдың сәуір айы. Бұл жайлы prosports.kz мәлімдеді.

Финалдық кездесулерді қабылдайтын Pabellon Principe Felipe аренасы 10 700 адам сыйдыра алады. Финалдық ойынның өтетін жерін УЕФА-ның атқарушы комитеті анықтады. 

Айта кетейік, футзалдан УЕФА-ның финалдық кездесулері алғаш рет 2007-жылы өткізілді. Содан бері Испания елі бұл мәртебелі турнирдің финалдық кездесуін төртінші рет өткізейін деп отыр. Ал  алматылық «Қайрат» футзал клубы УЕФА Кубогының Элиталы кезеңінде испандық «Интерге» есе жіберіп, Төрттік финалына шыға алмай қалған болатын. 

Пікір жазу