Гостиницы в Алматы
2017-12-15 18:00:57 26 0

Қазақ күресінен Қазақстан құрамасы "Еуразия Барысы" турнирі алдында салмақ өлшеуден өтті. Бұл жайында vesti.kz хабарлады.

Жалпы турнирге Грузия, Моңғолия, Түркия, Өзбекстан, Бразилия, Жапония және Қазақстаннан балуандар қатысады. Балуандар сегіз салмақ бойынша үздіктерді анықтайды.

Доданың ең ауыр балуаны - моңғолиялық Даваням Алтангерел атанды. Оның салмақты - 138,6 келі. Өткен жылғы турнирдің ең ауыр балуаны атанған қазақстандық Айбек Нұғымаров болса 135,6 келі болды.

Айта кетейік, бұл турнирде Қазақстан құрамасының қарсыласы жеребе тартудың қорытындысы бойынша анықталады.

Биыл турнирге бірінші рет Бразилия, Жапония және Камерун елінің балуандары қатысады. Қазақстан құрамасы болса екі құраммен өнер көрсетеді. Жеңімпаз он миллион теңге алады. екінші орын алған құрамаға алты миллион, үшінші орынға төрт миллион теңге беріледі.

 

Пікір жазу