Гостиницы в Алматы
2017-12-13 15:55:43 38 0

Мыңдаған қыз қазір түрмеде отырған Бақытбек Есентаевқа тұрмысқа шығуға ынта білдірді. Бұл жайында tengrinews-ке Бақытбектің қарындасы Нағима Есентаева мәлімдеген.

Осыдан біраз уақыт бұрын Есентаева ағасына жар іздейтінін өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған болатын. "Мыңдаған қыз постқа жауап жазды! Маған жіберген телефон нөмірі қаншама. Қоңырау шалу тоқтайтын емес. 8 жыл күтуге дайын. 25 пен 30 жас аралығындағы қыздар. Бәрі де отбасын құрмаған, баласыз. Болашақта қандай жеңгем болғанын қалайтынымды жазғанмын, бірақ, оны ағам шешеді әрине. Ол түрмеден шығып, махаббатын тауып, үйленеді. Бірінші маған көрсетеді, ұнайтынын не, ұнамайтынын сұрайды. Мен өз жауабымды айтамын. Көпшілігі түрмеге барып, Бақытбекпен некеге тұруға дайын екендерін айтты. Алайда шешімін ағам айтады. Ол кәрі емес қой, жас деуге болады, келбетті, жомарт. Денсаулығы дұрыс", - дейді Есентаева.

Қарындасы түрмеде Бақытбек жақсы тәртібі үшін екі рет мадақталғанын айтады. Ол ағасын бір ай бұрын көрген, келесі кездесу үш айдан кейін.  Сонымен қатар, ол Бақытбектің бұрынғы әйелі Баян мен Тұрсынғалидің некеге тұрғанынан хабардар екенін атап өтті.  "Бақытбек біледі, Баян тұрмысқа шықты. Ол қарсы емес. Тіпті қуанышты. Баянға ашулы емес. Қыздарымен хабарласып тұрады. Үлкен қыздары жақында АҚШ-тан оралады, бірден әкесімен кездесуге бара алатынын айтқанмын", - деп сөзін жалғады Есентаевтың қарындасы.

Пікір жазу