Гостиницы в Алматы
2018-01-22 11:57:18 105 0

АЛЕКСЕЙ ПОЛТОРАНИН ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА РЕКОРД ОРНАТТЫ

Қазақстан құрамасының спортшысы Алексей Полторанин әлем кубогында шаңғы жарысынан рекорд орнатты.

Словенияның Планица қаласында өтіп жатқан әлем кубогының 15 шақырымдық классикалық жеке жарысында рекорд орнатылды. Полтаранин осы қашықтықты 36 минут 54,7 секундта жүріп өтті. Осылайша Полтаранин 15 шақырымдық классикалық стильде жеке жарыста подиумға көтерілу саны бойынша рекорд орнатты. Жалпы қазақстандық карьерасында 14 рет подиумға көтерілген - бұл швейцариялық Дарио Колона және норвегиялық Пол Гуннар Миккельспластың көрсеткішінен бір сан артық.

Екінші болып 13, 2 секундтан соң норвегиялық Йоханнес Хесфлот Клебо келді. Үштікке Калле Хальварссон (+42,8) ілінді.

Осы жеңісінінің арқасында қазақстандық шаңғышы Әлем кубогының жалпы кестесінде сегізінші орыннан алтыншыға көтерілді (656 ұпай). Мұнда көшбасшы - Клебо (1 012 ұпай). Екінші орында Мартин Сундбю (875), ал үштікте - Колонья (807).

Айта кетейік, жарыстың келесі кезеңі 27-28 қаңтарда австриялық Зеефельд қаласында өтеді.

Пікір жазу