Гостиницы в Алматы
2017-01-13 14:38:12 564 1

Біріккен Араб Әмірліктерінде саяхаттап барған Мәдина Сәдуақасова Абу-Дабида болып, әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі Шейх-Зайдке кірді.

Қасиетті жерге кірерде әнші араб әйелдерінің киімін киіп алған. Сәдуақасованың айтуынша, қара түсті бұл киім «абайя» деп аталады. Желі оқырмандары әншіні қара «жамылып» алғаны үшін сынап тастады. “Қазақ әйелі екі нәрседе қара жамылған. Ері өлгенде, елге жаяу тигенде. Бірақ әркім өзі біледі”, “Неге біздің ұлттық киімімізді кимедің? Сен қазақсың ғой”, “Әр елдің дәстүрі бар, соған сай киіну керек”, “Мәдина әдемісің, орамал керемет жарасады. Бірақ қара емес”, – деп пікір білдірді олар.

Stan.kz

 

Пікірлер

  • Ия, кэзр эншилер не истерлерин билмей кетт!гой

Пікір жазу