Бәрімізге белгілі, режиссер Ермек Шахмет танымал боксшы болған, 2000 жылғы Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы көркем фильм түсіруді қолға алған еді. Тіпті басты рөлді, яғни Бекзат Саттархановты «Жаужүрек мың бала» фильмінен белгілі актер Асылхан Төлепов сомдайтын болған. Сондай-ақ, фильмнің сценариінің де дайын екендігі жайында ҚазАқпарат агенттігі хабарлаған еді. Алайда, бұл мәселе жайында Асылхан Төлеповтан сұрағанымызда, ол қазір жұмыстың тоқтағанын және алда не болатынын білмейтіндігін айтты.