Гостиницы в Алматы
2018-01-19 13:25:26 83 0

БОКС: МАДИЯР ӘШКЕЕВТІҢ КЕЛЕСІ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Отандасымыз 3 наурызда Доминикан Республикасының боксшысы Хосе Антонио Абреумен жұдырықтасады. Бұл жайында vesti.kz хабарлады. Мадияр Әшкеев шаршы алаңғы шығатын бокс кеші Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden кешенінде өтеді. Қазақстандық боксшы бұл кездесуіне тыңғылықты дайындалып жатыр. Нью-Йорктегі бокс кешінің басты кездесуінде ресейлік боксшылар Сергей Ковалев пен Игорь Михалкин жұдырықтасады.

Тағы бір басты кездесудің бірі ресейлік Дмитрий Бивол мен кубалық Саливан Баррера арасында өтеді. Айта кетейік, бұл бокс кешінде қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы әзірге анықталған жоқ.

 

Пікір жазу