Гостиницы в Алматы
2015-01-01 09:53:07 1490 1

Бүгін «МузАРТ» тобының белді мүшесі, қазақ эстрадасында өзіндік орны бар танымал әнші Сәкен Майғазиевтің туған күні. Талантты әнші бүгін 40 жасқа толды.

Сәкен Қордабайұлы Майғазиев 1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызының отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 жылы  Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды. 2001 жылдан  бастап «МузАРТ» тобының мүшесі болып тағайындалды. Әнші 2009 жылы  "Екі жұлдыз" жобасында актриса Әйгерім Жаңылбаевамен бірге қатысып, бағдарламаның келесі маусымында жүргізуші қызметін атқарған. Сонымен қатар,  «Әйгөлек» балалар байқауында жас таланттарға қолдау көрсетіп, сахнада олармен бірге дуэт дайындауға ат салысып жүрген жұлдыздардың бірі. Бүгінде аяулы жар, қамқор әке. 1 ұлы және 1 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылы, қызы - Райана 2013 жылы дүниеге келген.

Бүгінгі туған күнімен өнер иесін біз де құттықтаймыз. Толағай табыстар мен отбасына бақыт тілейміз!

Пікірлер

  • Dinara
    Kutty bolsyn!!! Eki dunienin bakyty nasip etsin

Пікір жазу