Гостиницы в Алматы
2017-02-11 21:53:41 3108 1

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының төртінші кезеңінде өнер көрсетіп, қытай тіліндегі "Күзгі мұң" әнін орындады.

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов 4-кезеңде үшінші орын алды деген ақпарат тараған болатын. Бірінші орынды "Lion" тобына, ал екінші орын Лин Илянға бұйырды.

Сондай-ақ түсірілімі 9 ақпанда болған 5-кезеңнің де нәтижелері жарияланды.

Димаш Құдайбергенов қазір Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр.

Димаш 4 ақпан күні шоудың үшінші кезеңіне қатысып, үшінші орын алды. 28 қаңтар күні Димаш "Опера №2" әнін айтып, екінші кезең бойынша бірінші орын алған еді.

Алғашқы кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі "SOS d'un terrien en détresse" әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленді. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

"Singer" жобасының көрсетілім кестесі туралы осы сілтемеден біле аласыздар.

Пікірлер

  • Закария Доскара
    Байгедеги тулпардай иним. жуғенди босатканыңда қустай ушатын бауырым жарайсын енди бир кара жорғаға билетсеи əлемди.Зико Доскара.

Пікір жазу