Гостиницы в Алматы
2014-12-12 16:59:38 3396 0

Бүгін елдің ерке әншісі, сері жігіттеріміздің бірі Еркін Нұржановтың  туған  күні. Әнді жан дүниесімен  сезініп,  жүрегімен орындайтын әнші бүгін 31 жасқа толды. Еркіннің бүгінгі  айтулы  күнін  әдеттегідей өнердегі әріптес достары Instagram әлеуметтік желісі арқылы хабарлап, ыстық ықыласқа толы тілектері мен құттықтауларын жолдады.

Еркін Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабас ауданы, Шұбар елді- мекенінде 1983 жылы, желтоқсан айының 12 жұлдызында дүниеге келді. Қарапайым отбасының жалғыз ұлы. Өзінен кейін Жанел есімді 1987 жылы туған қарындасы бар.

Айта кету керек, Еркін Нұржанов қыркүйек айында отбасын құрып, қолына ақ құсын қондырған болатын. Ал, қараша айының 11 жұлдызында әншінің сүйікті жары Динара Еркінге шекесі торсықтай ұл сыйлады. Ұлының есімін Қайыр деп әншінің асқар таудай әкесі қойған.

Біз де әншіні бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз. Шығармашылық табыстар пен отбасына баянды бақыт тілейміз!

Пікір жазу