Гостиницы в Алматы
2017-12-21 15:19:33 111 0

Осыдан бірнеше жыл бұрын келеңсіз оқиғаға ұшыраған Қайрат Түнтеков 40 күн қамауда отырды, 40 мың доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, әншіге елден шығуға тыйым да салынған екен.

Бұл туралы Қайраттың анасы Ғалия Тунтекова “Айта берсін” бағдарламасында хабарлады.

“Ол мәселені мүмкін бірден шешуге болатын ба еді?! Бірақ Қайрат ешқашан біреуге салмақ салғысы келмейді. Жол апатына ұшырағанын бізден жасырып келді, БАҚ құралдары шулаған соң ғана білдік, Жақында  соңғы қарызын өтеді”, - деді Ғалия Ханым.

Қарызынан құтылғанын әншінің өзі де растады. «Аллаға шүкір, иығымнан жүк түскендей болды. Әуелі Алла Тағаланың арқасында қайтадан осындай дәрежеге жетіп жатырмын. Біраз қиын күндер өтіп, мойымай қайтадан алға шауып жатқаным Алланың арқасы”, – деді өз сөзінде Қайрат.

Пікір жазу