Гостиницы в Алматы
2018-01-19 13:18:07 86 0

СПОРТ: ДЗЮДОДАН ӨТЕТІН ӘЛЕМДІК ДОДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін Тунисте басталатын дзюдодан әлемдік Гран Придің алғашқы кезеңін «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл жайында «Qazsport» арнасының баспасөзі мәлімдеді.

 21-ші қаңтарға дейін жалғасатын әлемдік Гран-Приде әлемнің 48 елінен 407 дзюдошы бақ сынайды. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 13 татами шебері ел намысын қорғайды.

Жарыстың алғашқы күнін, яғни бүгінгі белдесулерді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде сағат 20:55-те көрсетеді. Екінші жарыс күнін 20-шы қаңтарда 23:40-та, бәсекенің үшінші күнін 21-ші қаңтар, 23:10-да тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Пікір жазу