Гостиницы в Алматы
2014-10-09 02:01:19 447 0

Kazakhstan Fashion Week басталуына аз уақыт қалды

Бүгін Алматыда 2015 жылдың көктем-жаз маусымына арналған Сән апталығының ресми  пресс-конференцияcы өтті.

01

Пресс-конференцияның негізгі спикері, Kazakhstan Fashion Week-тың бас продюсері Саят Досыбаев өткелі отырған сән апталығы жайында, өз сөзінде: «Дүние жүзінде қазан айы - "сүт безі қатерлі ісігі ауруымен күресу күні" болып есептелінеді. Біз де бұл шарадан сырт қалмай, биылғы Сән Апталығының ұраны «Сән және Sanofi - сүт безі қатерлі ісігіне қарсы!» деп жарияладық. Негізгі мақсатымыз барлық қыз-келіншектерге сүт безі қатерлі ісігінің скринингін өтуді дәріптеу. Сән апталығы барысында скринингтен өткісі келетіндерге арнайы жабдықталған бөлмелер болады, онда кәсіби онколог, маммолог мамандар тексеруден өткізеді» - деп, баяндады.

04Open Way-2014 байқауына қатысушы жас дизайнерлер

Қазақстан Сән Апталығының ресми ашылуы  Open Way-2014 байқауынан бастау алады. Өнер жолын енді бастаған дизайнерлердің  еңбектерін көпшілікке таныстыратын жас сәнгерлерге арналған  Open Way-2014 байқауына биыл - Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген 24 дизайнер қатысқалы отыр.

02

03

Сән Апталығында өз топтамаларын ұсынатын танымал дизайнерлер

Биыл Kazakhstan Fashion Week 15-18 қазан аралығында «Almaty Towers» кешенінде, ал 23-24 қазан аралығында Астанадағы  Soluxe Hotel Astana Pekin Palace залында өтеді. Бұл шара барысында 2015 жылдың көктем-жаз маусымдарына арналған туындыларын еліміздің танымал дизайнерлерімен қатар шетелдік сәнгерлер де ұсынбақ: Aida KaumeNOVA (Қазақстан), Ainur Turisbek (Қазақстан), Alex Chzhen (Қазақстан), Anthena clothing for Brosh (Қазақстан), Argentum Kozhageldina (Қазақстан), Atelier L’Artisan (Қазақстан), Aya Bapani (Қазақстан), Avoli (Қазақстан), Bibotta (Қазақстан), Damilya Zhumabek (Қазақстан), Darya Shafenkova (Қазақстан), ENDORФIN (Қазақстан), Irina Asherbekova (Қазақстан), Kamila Kurbani (Қазақстан), LaRiya (Қазақстан), Mandarin Narbayeva (Қазақстан), Malique (Қазақстан), POALEN (Қазақстан), Tamara Lamanukaeva (Қазақстан), T.Tsoy (Қазақстан),  Yerlan Zholdasbek (Қазақстан), Anastasiia Ivanova (Украина), Akananita (Грузия), GIZI (Грузия), Keti Chkhikvadze (Грузия), Salle de Mode (Грузи)

Қазақстан Сән Аталығының барлық сән көрсетілімдерінен фото және видео мәліметтерді KazFashion-нен көре аласыздар.

Пікір жазу