Гостиницы в Алматы
2017-02-25 21:34:55 1901 0

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов Қытайдың Hunan TV арнасындағы "Singer" жобасының алтыншы кезеңінде өнер көрсетіп, Лара Фабианның "Adagio" әнін орындады. 

Бұған дейін Димаш Құдайбергенов аталған турда бірінші орын алды деген ақпарат тараған болатын.

Осы уақытқа дейін "Singer" жобасының жеті кезеңіне қатысқан Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келе жатыр. Ол, сондай-ақ Қытайдағы танымал адамдар рейтингінде бірінші болып тұр. Қазақстандық әнші Қытайда танымал көлік брендінің жарнамасына да түсіп, белгілі актер Джеки Чанмен кездесіп үлгерді.

Қытай БАҚ-тарында "Димаш феномені" деген термин пайда болды. Әнші жылдың соңына дейін жеке альбомын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық музыка мамандары оны "Тәңір назарына алған әнші" деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады. Жергілікті компания әншінің құрметіне смартфон шығарды, сонымен қатар "Димаш" және "Қазақстан" Қытай интернетінде жиі ізделінетін сөздер қатарына енді.

Қазір Димаш Құдайбергенов Қазақстанда жүр.

Әнші туралы барлық деректі мына жерден білуге болады.

Пікір жазу