Гостиницы в Алматы
2016-04-06 13:42:13 6536 53

Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі мырза Баян Есентаеваның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Baistars.kz.

"Әйел адамды жеңу мүмкін емес. Әлем жеңбеген әйелді еркек жеңбейді. Мен ол кісімен салғаласып, олай емес, былай деп отырғым келіп тұрған жоқ. Бірақ айта кетейін, Төреғали "Ұлы дала баласы" деген атпен екі ірі қалада Алматы және Астанада концерт қойды. Екеуінде де он күн бұрын билеттер таусылып қалған. "Ұлы дала баласымен" талай қала, елді-мекенге концертпен барып жатырмыз. Афишасында өзі жалғыз тұр. Халық Еркесіз де оның концертіне келіп, ол әнсіз де басына көтеріп жүр" - деп қысқа қайырды Төреәлі мырза.

"Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры" демекші, әңгіме Төреәлі мырзаның "Ерке Есмахан "Алло" арқылы халыққа танылды" деген сөзінен шыққан. Осы мәселе жөнінде Төреғалидің директоры "Ағай олай айтуы мүмкін емес, телеарналардың баяғы әдеті ғой, сөздерді кесіп-кесіп береді. Сондықтан сондай дау шығып жатыр. Төреәлі аға өз сөзінде тұратын адам. Гонорар төленбесе, демек солай келіскен болуы керек" - дейді әншінің директоры Фариза. Бірақ біріккен гастрольдік сапар наурыз айының басында аяқталған. Төреғали Төреәліге "Алло" әнімен дуэт айтып, концертке, той-думанға бірге шығу қиындап кеткен ұқсайды. Сондықтан біріккен гастроль Баян Есентаева айтқандай бір жарым айға емес, 20 күнге ғана созылған. Ал 4 сәуір күні Петропавлда кеш қонағы Ерке Есмахан болады делінген билеттің өтірік болып шыққаны белгілі болды. Концертті ұйымдастырушылардың айтуынша, 4 сәуірде Петропавлда өтетін концерттің билеттеріне Төреғали өзі түскен суреттер сатылған.

 

Афишада да өзі түскен сурет.

Сонымен қатар, елді дүрліктірген блогердің мына жазбасы болды.

Алайда концертте болған қазалылықтар мұндай сөздің болмағанын айтып, Инстаграмда жоққа шығарды. Сонымен қатар, директоры Фариза бұлай деп жазып, жала жапқан адамды тауып алып сотқа бермекпіз дегенді айтып отыр. Сонымен қатар әншінің әкесі Төреғалиға мұндай шумен келген атақтың керек емес екенін айтады. "Жалпы бұл халыққа таралуы керек емес дүние болатын. Екеуара шешілуі керек болған" - деп сөзін қорытындылады.

Пікірлер

  • Guljan
    Казекендер,жарыктык,туймедейди-туйедей кылатын адеттери гой....!
  • Есенгелди Динара
    Еркени танымал кылган Торегали тореали талабына жур жаусын тореш аман бол
  • Меру
    Калай болгандада тындарманга ауыр тиеди екен, кандай жарасымды дуэт болып еди, окиништи. Торе оте жаксы коретин аншим болгасын ба.
  • Тореш красавчик
  • Петропавлдагы афишада "кеш конагы Ерке Есмахан" деп жазылган
  • Үйтолған Жарекеева
    Төреш жолын біледі. Ерке əліңді біл. Сені танымал еткен Төреғали. Əйтпесе топпен де жалғыз да үнің шыққан болар еді. Өзің айтшы қай əнмен танымалсың?
  • Нұржан Қалыбай
    Құрметті қазақ елі ...былай дейінші қайссының дауысынан жеке əндерінен қазақтың дауысын əндерін көп байқадыңдар?????? Төреғалидай еңбекқор қазақи əрлендірəп айтатын əнші енді енді көбейіп кележатыр қолдыңдар!
  • Ерке Есмаған Төреғалидан бұрын танылған əнші ғой,
  • Еркени ел алдында Торали ага ойтип тусирудин кажети жок еди. Мумкин Еркенин аркасында Торкали атагын шыгарды емес Пе. Не болсада Торагали мен Торали акшажанды адамдар болып тур гой!!!
  • Нұржан Қалыбай
    Қазақтың дəстүрі мен бояуын жоғалтпай айтып жүрген əнші қайссы деп ойлайсыздар!? Жəне де қайссында қазақ туралы яғни патриоттық əн көп сол елге керек сол танымал деп санаймын менің жеке пікірім ал махаббат жəне де тағы басқа əндер айтып жүрген əншілердің саны бар сапасы жоқ көп Төреғалимен Ерке əн айтып қайта ауыл аймақ түп түкпіріне танылғанына раһмет айтсын
  • janna janeka
    Торе оте дарынды анши даусыда мыкты онерин оркендей берсин
  • Ғазиза
    Əрине екеу-ара шешетин жагдай,
  • Алга Торегали ким не деме аита берсин алга аскакьаи бер
  • Наурызова Зухра
    Тез котеріліп оздеринен оза кетсе болды жаман жагын айта бастайды Торегали керемет аншигой
  • gul
    Сизди тусинбедик, кимди алдагыныз келеди? ел аузындага берген сухбатынызды журттын бари кордигой. Ерке 8 жыл болыпты сахнада жургенине бирак елге таныткан биз дегендей анык айттынызгой, уят жасадыныз. 1,5 ай журттын енбегин багаласанызшы ен болмаса. айтылып журген андериниздин бари ананын мынанын ани . румын одан ари байконыр. есиктен бугин кирип тор меники деген "жулдыз ауруы" деген соз.
  • қазақ
    Егер қазақ шоу бизнесінен аз маз хабары бар адам Еркені танымауы мүмкін емес. Тойдың хиттерін тыңдаумен шектелетін адамдар ғана Төрештің арқасы деп айтады
  • Айба
    Аке мен бала Актобеде кызмет аткарган, бирак Жаксы адамдардеп айталмаймын. Олар кандай адам Деп онер жолында журген, асабалардан сурау керек
  • sbeta
    Toregali ademii anshii erkeni tanithan Toregali agam
  • sbeta
    Toregali ademii anshii erkeni tanithan Toregali agam
  • Шолпан
    Осы дауды естигенде фильм алдындагы кара пиар болар деп ойлап едим. Ангиме узакка бара жаткан сынайлы гой. Еркенин Торегалимен дуэт айтып танылганы жасырын емес. Сатти дуэт болды,халык кошеметтеди. Тореали мырзаныки дурыс болмады бирак, озинин кызындай Еркенин багын кызганганы ма.... Ар адамнын сат сагаты болады. Еркенин сол сат сагаты Торегалимен ан айткан туста соккан болар. Ол Торегалидын да продюссери ари акеси Тореали мырзанын да аркасы емес. Алланын Еркеге берген багы. Тореали мырзанын баласына караганда парасаты томендеу ма деп калдым,Байконырдагы концерттин сонында тобеден тускен шарларды корермендерге карай кулаштап теуип жургенин ютуб желисинен корип жагамды устадым,бул негылган астамшылык деп. Актобедеги концерттен сон да суретке тускиси келген халыкка жекип айкайлаганын да козимиз корди. Торегалиды ел жамандыкка кимайды. Бирак бираз басын кирлетип алган сиякты. Осы туста кеткен агаттыкка,Ерке айналайын ол бир ангиме арасында кеткен пикир еди,аган агат кетсе конилине алма деп Еркенин мандайынан сипай койса,азаматтыгына жарасар еди. Бирде Бауыржан Ибрагимов мырза кеткен агаттыгы ушин конакуй кызметшисине артык кетсем кешир айналайын деп гул усынып мандайынан суйди гой,одан кемиген жок,кайта агаттыгын тусинетин азамат екенин корсетти. Ким не десе де аркимнин Алла берген багы бар, оган ешким таласа алмайды. Казак атамыз оны"АСТЫМДАГЫ ТАГЫМА ТАЛАССАН ДА,БАСЫМДАГЫ БАГЫМА ТАЛАСА АЛМАЙСЫН"деп айтып кеткен. Соз сонында , Торегалидын да абыройы аскактай берсин, Еркенин де багы орлеп мандайына шан тимесин деп тилеймин.
  • Жанат
    Үйтолган әпке сізге қосыламын. Еркенің бұрын еш елге танылган әні шықпаған.Шықса кайда қалыпты?!) Тіпті осының алдында, сонау Үнді еліне барып, сығанша билеп жүріп айтатын әні де калды ғой ескерілмей.Танылса сол кезде танылмады ма?!.Сондыктан бұнда Баян ханым да, Ерке де Төреғалиға ренжімей,алғыстан баска ештене айтпау керек сиякты. Өзара калай қыркысса да ,ең алдымен Алла , одан кейін халық куә ғой бәріне.
  • Фу
  • Багдат
    Алга інім, қайтесін соларды, ит үреді керуен көшеді емес пе, тек қана алға Алла тағаланың өзі корсетеді, көз тілден аман бол !!!
  • кайыргалм
    МАНШУК пен АЛИЯнын синилери алга!
  • Өзі болған қыз төркінін танымас деген мақал есіме түсіп тұр Төреш төреш дейсіңдер сол төреш негізі дұрыс жасамай жүр ау Біраз өнердегі аға-
  • Алдабергенова Майра Малiккызы
    Таразынын екi жагындагы Ерке мен Торештi 50-де 50-ге танымал гыла тускен "Алло" анiне рахмет! Кейде андi аншi жандандырып жатад, ал бул олен екеуiн тобеге котердi емес пе?! Менiн жеке пiкiрiме Кызылордалык жерлестерiм де, озгелер де косылар деп ойлаймын. Незаменимых не бывает деп жатад.. Так что Торалi ага, Алло анiне жана партнершамен, жана клип тусiрейiк! Ол Торештiн репертуарында бооуга тиiс. Еркенi жаман демейм, бирак даудамай копке узап кететин турi бар. Казагымызга жат кылык бул. Дегенмен Алло анiне Торешке откенiнен асып тусе алатын партнерша бар. Азiрге ол купия болсын....
  • Жақайым
    Ана блогер ағамыздың жазбасын оқып отырсам "Анау былай депті","мынау солай депті" деп әңгіменің майын тамызатын ауылдағы бір "аузы жеңіл" бір апамыз еске түсіп кетті.
  • Не кылсада Тореш тамаша анши. Казактардын не адети екен биреу жарк етип шыкса коре алмайтын. Байкус казактар ай кайда барып токтар екенсиндер.
  • Оз басым , Еркени Алоо анинен кейын гана таныдым. Ал Баян ханым болса казакстаннын барлык жулдыздарын оз колынан ушыргандай сойлейди.
  • Мерука
    Осы түсінбегенім әкесінің жұмысы жоқ па басқа?Шоу бизнесте жүрген әкесі ме баласы ма?Баласының тілеуін тілеп тақымын қысып үйде отырмай ма?
  • Гази
    Төреғали орындаған әннен соң Еркенің бағы ашылды!
  • Меруерт
    Төреғали жерге түс, аспанда қалықтамай! Қыз баламен салгыласкан сенің жігіттік болмысына сын болар.
  • Әсел.
    Қазалының атынан осылай өсек тараткан адамды сотка беру керек! Төрегали өте керемет әнші бұл сөзіңізді бүкіл ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР дәлелдеп береміз!
  • Серік Ибраев
    Төреғали мен әкесі мақтаншақтың дәл өзі. Оны жұлдыз еткен Ерке Есмахан. Төреде үйленбегенмін деп халықты алдап жүргені опасыздық, әкесінің арақ ішіп алып сахнаға шыққан жағдайларда өте көп екен.
  • Асылбек
    Тореш красава осы бетынен тайма баян недемеид ешек не жемеит
  • Деееее
    Торегали shine продакшн комегимен гана танылды( а так оны апалар гана таныган
  • Фариза
    Маган Торештин андери унайды бырак онын акесинин айткан создери дурыс болмаган екен баласы осы халыктын аркасында котерилип отырганын ескерсин
  • Маржан Мұхтар
    Қойсаңыздаршы,түкке де тұрмайтын ән үшін қырық пышақ болмай,шынымен айтамын осы ән Ерке мен Төрештің өзге жеке танымал әндерінің жанында еш мәні де мағынасы да жоқ,сол үшін дау дамай тудыру ұят қой.Онсыз да шығып,халықтың ықыласына бөленген дарындар емес пе бұлар.Осымен өнбейтін дауды доғара салыңдаршы.
  • Assel Sergazyeva
    Мен өзім Еркені сонау "Іңкәр" тобында жүрген кезінен білем. "Тракторшының махаббаты" сериалын көргендер Еркені жақсы таниды деп ойлаймын. Себебі, фильмның саундтрегін Ерке орындаған болатын. Сосын Еркенің "той-бизнеске" арналған әні жоқ. Маған Еркенің "Айша Бибі" әнінің клипы қатты ұнайды. Өте сапалы клип.
  • Самат атырау
    Коисандарш,баринде,кайдагы талант сендерде
  • Салтанат
    Торештин андерин халык жаксы кабылдайды недесендерде. АЛ Еркенин дауысы жаксы бирак андери аз танымал андери жоктын касы аллодан баска.Сонша жылдан бери бир концерт берген емес ол шындыкгой Ерке ренжиме.
  • Гулмира
    Торегалидын дауысы да ани де керемет. Оны коре алмаушылыктан айтатын шыгар. Озимиз Торетамнын тумасы деп мактанамыз. Тил козден сактап ары карай онерин орге жузе берсин дегим келеди.
  • Салтанат
    Одансайын əншілер арасына шок салып не болды?Екеуіде өз-ара талантты əншілеи.Бұлар бір-бңрін танымал еткен жок танымал еткен Алакозовтын шығармасы жəне продюмсерлердин жумысы.Ол алланын берген багы осы сəтте жулдыздары жанғалы тұр.Бірақ мүмкін тіл отті ма, жоқ алланын берген сынагы ма буларға , екеуі де өнер адамы халық суйіп тындаған əнді жоққа шығармас.Барі басылғанда тусинип халыққа өленді қайта сыйлар деген уміттемін.
  • Абдулла
    Қазалыдағы Төреғалидың концерті 4 сеанс болды.Шамамен 2000 адам тамашалады.Бірақ әкесі Төрәлі ел алдында "әлгіндей" әңгіме айтты деген сөз "отқа барған әйелдің отыз ауыз сөзі бардың" төңірегіндегі пышу-пышу.Оған халық куә.Stan.kz аталмыш жазбаға сілтеме жасамас бұрын әңгіменің анық-қанығына көз жеткізіп алуы керек еді деп ойлаймын.
  • Аноним
    Негізі бұл клип Баяннын идеясы гой ал Төрегали тек орындаушы және бул клиптин акысын 50/50 қылып өтеген Ал Еркеге келер болсақ оның "Бал сезім" Асыл арман сынды өлеңдерімен халык таниды олай әншінің дәрежесін түсіруге болмайды!
  • Asylkhan
    Енді продюсерлердің еңбегін салыстырып көріңіздер, қайсысының қандай жетістігі бар? Баян Есентаева:Turkvizyon,көптеген әншілер,кинолар, "Қазақ аруы" айта берсең көп. Төреәлі мырза: Төреғали, көшіріп алынған әндер , гастрольдік сапарлар. Тіпті салыстыруғада келмейді. Осы жолы "Тау", "Төбемен" кездесіп қалды-ау.
  • Армуша
    Неге барлыгы Торегалиди жактайды.оз басым Еркені бірінші болып білгем.ол Торештен бурын танылган.жане де Ерке Казак эстрадасында ойып турып орын алатын анши деп есептеймін.негизи Торештин коздегени танымалдылык и акша.егер патриот болса Казактын улттык онери Айтысты жангыртып журмейме.саны коп сапасы жок аншилердин катарын гана кобейтті.)хм
  • Жан
    Төреғали жақсы əнші деп ойлаушы едім. Ал Еркенің Төреғалидан бұрын танылғаны басқа түгілі жас əншілерді тыңдамайтын маған мəлім. Төреғалидың ауруханада жатқанда шығарған өлеңін көріп ақындығына шек келтіре бастадым. Сөз өнерін қор қылмай əнге кеткенің дұрыс болыпты. Төреғали əкесінің Ерке жайлы айтқаны мəдениетсіздік деп есептеймін. Екеуінің де атын шығарған ешкім де емес жақсы əн. Жап жақсы дуэт. Ағасы бұл жерде əнге рахмет айту керек. Ерке де өзіндік дауысы бар жақсы əнші. Шындығына келсек екі əншіні қатар алып қазақ жəне шетел өнертанушыларына тыңдатсақ сол кезде кімнің дауысының диапазоны мықтылығы анықталар еді. Егер Еркенің орнында болсам дəл осылай ашық шайқасқа шақырар едім. Вокал жағынан Еркенің дауысы мықтырақ.Төреғали бауырым мен сені қатты сыйлаушы едім. Өкінішті. Арысына бармай Бибибігүл апамыздың алдына барып жүгінсеңдер дəл Еркенің жеңіп шығарына сенімдімін.
  • Жан. дурыс айттын
  • Екеуиненде кина бар шыгар.Ел алдында биреуди маскара кылмандар.Еркеде Торегалида мыкты аншилер
  • Еркенин шыкканына 8 жыл болды .олендеринин мани бар. Ал Тореш деп журген аншилерин аншеин тои олендерин аитып хит болып жур. Олендери женил создери кайталана береди. Магынасы жок. Еркек басына осек айту жарасама. Адамды осындайынан билуге болады кандай екени. Акеси екеуи.Аке атына лайык болып журу керек кои.
  • 14.11.2016.
    Всё равно бәрі оралмандар го и бәрбір қазаққа сіңе алмаиды
  • Дарын
    Кош журе тузеледи Торегали иним аягынды андап бас минезинди тизгиндеп жур сонда бари жаксы болады.

Пікір жазу