- Қайырлы күн! Сізді жеңісіңізбен құттықтаймыз! Алдымен «QAZAQ LEGION» тобы туралы айтып өтсеңіз.
Біздің тобымыздың құрылғанына үш жыл болды. Осы уақытқа дейін алты әніміз бар. Әзірге бейнебаянымыз жоқ, дегенмен жақын арада түсіру ойымызда бар. Тобымыздың құрамы үш жігіттен тұрады: мен Әділ Ахметжан – продюсер, солист. Бөгенбаев Сағадат пионинада және Мирас Жүнісбек барабанда ойнайды. Ал топтың музыкалық бағытына келер болсақ, біз қазір оны Q-ROK деп атап жүрміз, яғни рок бағытында. Біздің Қазақстанда бұндай бағытта әлі ешкім шыққан жоқ. Десек те, біздің музыкалық бағытымызды тек біржақты деп қарауға болмайды. Біз алдымен қазақтың әнін алып, рокқа арнайы жаздырдық. «Форматтау» деген нәрсе бар, яғни екі затты қосып, альтернатива жасау. Біздің де музыкалық жанрымызды форматтауға негізделген десек болады.
- Топтың аты неліктен «QAZAQ LEGION» деп қойылды? Ерекше атаудың сыры қандай?
Ия, осы сұрақты көпшіліктен естіп жатамыз. Қазір біз өзіміз қысқаша «QL» деп атап жүрміз. Алдымен, «qazaq» деген сөз, біздің ұлтымыз қазақ, бірақ мен ұлтшыл емеспін, тек өз ұлтымды жақсы көремін. Сол себепті «qazaq» деген сөзді бірінші орынға қойдық. «Legion» дегеніміз, өздеріңізде білесіздер кезінде Рим империясы кезінде легионерлер болған, қазір тілмен айтсақ қазіргі Қазақстанның футболда шетелден келіп ойнайтын ойыншылардф легионерлер деп атайды. Сол сияқты бізде қазаққа шетелден тың бағыт алып келдік. «Legion» дегеніміз сол. Топтың атауының шығу тарихы осындай.
- Топ мүшелерінің барлығында арнайы жоғарғы деңгейдегі музыкалық білім бар ма?
Бұл тұста менің мақтанатын жөнім бар. Себебі, топтың құрамындағы үш жігіттің үшеуіде Консерваторияның түлектері. Ашығын айту керек, қазіргі қазақ сахнасында жоғарғы білімі бар, таза музыка мамандары жоқтың қасы. Мен бұл жерде барлығына топырақ шашып тұрғаным жоқ, дегенмен аз. Мәселен, біздің Сағадат дирижер мамандығы бойынша Құрманғазы атындағы Ұлттық Консерваторияны бітірген. Ал, Мирас болса Ұлттық Консерваторияның барабан факультетін аяқтаған, оның алдында А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыкалық мектепті бітірген. Мен Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында актерлік шеберлік мамандығы бойынша оқыдым. Одан кейін Консерваторияның академиялық вокал бөлімін аяқтадым. Сол себепті біз бұл жерде тек қана кәсіби музыканттар басымызды біріктірдік деп айта аламыз. Бұйыртса, оны болашақта дәлелдейміз деп ойлаймыз.
- Тек қана кәсіби мамандардан құралған «QAZAQ LEGION» тобы, кез келген сахнада кәсіби түрде жанды дауыста ән орындай алады ма?
Әрине, 100%-ға орындай алады. Біз тіпті кепілдік береміз. Біз осы уақытқа дейін бірде бір концертте немесе тойда плюспен ән айтқан емеспіз. Бізді танитын өнер адамдары көп, дәлел ретінде сол кісілерден сұрасаңызда қарсы емеспіз.
- Демек, болашақта да осы бағытты ұстанасыздар? Әнді тек қана жанды дауыста орындайсыздар ма?!
Иә, болашақта да тек қана жанды дауыста орындайтын боламыз. Бұл біздің өзге топтардан ерекшелігіміздің немесе артықшылығымыздың бірі.
- Алдағы уақытта Қазақстанның атынан түрлі халықаралық байқауларға немесе республикалық конкурстарға қатысу ойларыңызда бар ма?
Негізі, осы топты құру барысындағы біздің басты мақсатымыз сол болған. Шоу бизнеске толығымен кетпей тұрып, халыққа конкурс арқылы танылғымыз келген. Әлде де үмітіміз бар. Өйткені, біздің мүмкіндігіміз байқауларға көрсетуге тұрарлық. Бұл менің мақтанғаным емес, дегенмен егер біз кез-келген ән байқауына қатысатын болсақ, үздік үштіктің ішінде болатынымызға сенімдімін.
- Қандай жоспарларыңыз бар?
Жоспарларымыздың ең бастысы әнімізге бейнебаян түсіріп, оны жақын арада жарыққа шығару. Біздің жанрымыз Қазақстанға тұңғыш рет келіп тұрғандықтан, бізде бейнебаян түсіру де оңай болмай отыр. Себебі, қазір бірнеше режиссерлармен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Бейнеклипті қалай, қайда түсіреміз деген сияқты шешімін таппаған сұрақтар көп. Сол үшін де бүгінгі таңда ізденіс үстіндеміз, бейнебаянның ерекше болатыны сөзсіз. Алла жазса көп ұзамай халыққа ұсынамыз деген ойдамыз.
- Сұхбатыңызға рахмет! «QAZAQ LEGION» тобына творчествалық табыстар тілейміз!